Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 21.08.2017 № 107-1683 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы 2009 және 2010 жылдардағы жол карталарын және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асырудың логикалық жалғасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына, "Жұмыспен қамту 2020 жол картасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 636 қаулысына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2011-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) "129 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының іс-шараларын іске асыруға нысаналы ағымдағы трансферттер" деген бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып белгіленсін.
3. Басқарма басшысы осы қаулыны кейіннен Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4. "Республикалық бюджеттен мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен 2011-2015 оқу жылына Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде техникалық және кәсіптік даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 28 маусымда № 682 болып тіркелген, "Астана ақшамы" газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 78 (2688), "Вечерняя Астана" газетінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 83 (2693) жарияланған) Астана қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 22-532қ қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | И. Тасмағамбетов |
Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 қаңтардағы № 107-120 қаулысына қосымша |
Республикалық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер
есебінен Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасы
шеңберінде 2011-2015 оқу жылына техникалық және кәсіптік білімі
бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы
Р/с № | Қазақстан Республикасының кәсіптік білім мамандықтарының коды | Мамандық атауы | Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының қатысушылары | Оқу мерзімі | ||||
барлығы | негізгі орта білім беру базасында (9 (10)-сынып) | жалпы орта білім беру базасында (11 (12)-сынып) | ||||||
қазақ тілінде оқыту | орыс тілінде оқыту | қазақ тілінде оқыту | орыс тілінде оқыту | |||||
Астана қаласы әкімдігінің "Құрылыс техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | ||||||||
1. | 1114000 | Пісіру ісі | 25 | 25 | - | - | - | 2 жыл 10 ай |
2. | Жиыны | 25 | 25 | - | - | - | ||
Астана қаласы әкімдігінің "Энергетика және байланыс колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | ||||||||
3. | 1306000 | Байланыс, радиотехника және телекоммуникациялар | 50 | - | - | 25 | 25 | 10 ай |
4. | Жиыны | 50 | - | - | 25 | 25 | ||
Астана қаласы Білім басқармасының "Политехникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | ||||||||
5. | 0518000 | Есеп және аудит | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай |
6. | 1206000 | Жол қозғалысын ұйымдастыру | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 10 ай |
7. | Жиыны | 50 | - | - | - | 50 | ||
Астана қаласы Білім басқармасының "Көлік және коммуникация колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | ||||||||
8. | 0518000 | Есеп және аудит | 25 | - | - | 25 | - | 1 жыл 10 ай |
9. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 10 ай |
10. | Жиыны | 50 | - | - | 25 | 25 | ||
"Қаржы академиясы" акционерлік қоғамы | ||||||||
11. | 0514000 | Бағалау | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай |
12. | 0516000 | Қаржы | 25 | - | - | 25 | - | 1 жыл 10 ай |
13. | 0518000 | Есеп және аудит | 25 | - | - | 25 | - | 1 жыл 10 ай |
14. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 50 | - | - | 25 | 25 | 2 жыл 10 ай |
15. | 1305000 | Ақпараттық жүйелер | 50 | - | - | 25 | 25 | 1 жыл 10 ай |
16. | Жиыны | 175 | - | - | 100 | 75 | ||
"Басқару колледжі" мекемесі | ||||||||
17. | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 6 ай |
18. | 1227000 | Полиграфия өндірісі | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 6 ай |
19. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 50 | - | - | 25 | 25 | 2 жыл 10 ай |
20. | Жиыны | 100 | - | - | 25 | 75 | ||
"Экономика - заң колледжі" мекемесі | ||||||||
21. | 0518000 | Есеп және аудит | 25 | 25 | - | - | - | 2 жыл 10 ай |
22. | Жиыны | 25 | 25 | - | - | - | ||
"Тұран" колледжі мекемесі | ||||||||
23. | 0201000 | Құқықтану | 25 | 25 | - | - | - | 2 жыл 10 ай |
24. | 0516000 | Қаржы | 25 | 25 | - | - | - | 2 жыл 10 ай |
25. | 1305000 | Ақпараттық жүйелер | 75 | 25 | - | 25 | 25 | 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай |
26. | Жиыны | 125 | 75 | - | 25 | 25 | ||
"Д.А. Қонаев атындағы университеттің колледжі" мекемесі | ||||||||
27. | 0201000 | Құқықтану | 50 | - | - | 25 | 25 | 2 жыл 10 ай |
28. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 50 | - | - | 25 | 25 | 2 жыл 10 ай |
29. | Жиыны | 100 | - | - | 50 | 50 | ||
"Асу" гуманитарлық-техникалық колледжі" мекемесі | ||||||||
30. | 0501000 | Әлеуметтік жұмыс | 50 | - | - | 50 | - | 1 жыл 10 ай |
31. | 0519000 | Экономика | 25 | 25 | - | - | - | 2 жыл 10 ай |
32. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 50 | - | 25 | 25 | - | 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай |
33. | 1410000 | Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы | 25 | 25 | - | - | - | 3 жыл 6 ай |
34. | Жиыны | 150 | 50 | 25 | 75 | - | ||
"Қазақ технология және бизнес университетінің колледжі" акционерлік қоғамы | ||||||||
35. | 0402000 | Дизайн | 15 | - | - | 15 | - | 2 жыл 10 ай |
36. | 0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 30 | - | - | 15 | 15 | 2 жыл 6 ай |
37. | 0601000 | Метрология, стандарттау және сертификаттау | 15 | - | - | 15 | 1 жыл 10 ай | |
38. | 0819000 | Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы | 30 | - | - | 15 | 15 | 2 жыл 10 ай |
39. | 1226000 | Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру | 30 | - | - | 15 | 15 | 2 жыл 6 ай |
40. | 1305000 | Ақпараттық жүйелер | 30 | - | - | 15 | 15 | 2 жыл 10 ай |
41. | Жиыны | 150 | - | - | 90 | 60 | ||
"Еуразия гуманитарлық институтының колледжі" мекемесі | ||||||||
42. | 0507000 | Қонақ үйі шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 6 ай |
43. | 0511000 | Туризм | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 6 ай |
44. | 0512000 | Аудармашы ісі | 25 | - | - | - | 25 | 1 жыл 10 ай |
45. | Жиыны | 75 | - | 25 | - | 50 | ||
М. Тынышбаев атындағы "Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы" Акционерлік қоғамының Ақмола колледжі жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||||||||
46. | 0902000 | Электрмен қамтамасыз ету | 25 | - | - | - | 25 | 2 жыл 6 ай |
47. | 1108000 | Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 10 ай |
48. | 1303000 | Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару | 25 | - | - | 25 | - | 2 жыл 10 ай |
49. | 1409000 | Теміржол құрылысы, темір жол және жол шаруашылығы | 25 | 25 | - | - | - | 3 жыл 10 ай |
50. | Жиыны | 100 | 25 | 25 | 25 | 25 | ||
"Астана қаласының Менеджмент және бизнес колледжі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | ||||||||
51. | 0402000 | Дизайн | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 10 ай |
52. | 0506000 | Шаштараз өнері және сәндік косметика | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 6 ай |
53. | 0507000 | Қонақ үй шаруашылығына қызмет көрсету және ұйымдастыру | 30 | - | 30 | - | - | 3 жыл 6 ай |
54. | 0512000 | Аударма ісі | 25 | - | 25 | - | - | 2 жыл 10 ай |
55. | 1211000 | Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 6 ай |
56. | 1304000 | Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету | 25 | - | 25 | - | - | 3 жыл 10 ай |
57. | Жиыны | 155 | - | 155 | - | - | ||
58. | Барлығы | 1330 | 200 | 230 | 440 | 460 |