Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 06.03.2019 № 363/45-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңдарына, "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. "Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасы туралы" Астана қаласы мәслихатының 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 387/51-ІV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылдың 29 қазанында № 652 болып тіркелген, 2010 жылғы 20 қарашадағы № 129 "Астана ақшамы", 2010 жылғы 20 қарашадағы № 135 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Астана қаласында тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында (бұдан әрі – Қағида):
1-қосымшада "СТН __________" сөздері алынып тасталсын;
екінші абзац келесі редакцияда жазылсын:
"коммуналдық және басқа да қызметтер – тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстау бойынша қызметтер, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтері, жеке тұрғын үй қорында жергілікті атқарушы органмен жалға алынған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысы;"
үшінші абзацта "есептеу құралының құнын төлеуге" сөздері алынып тасталсын;
төртінші абзац алынып тасталсын;
2-тармақтың екінші абзацында "сондай-ақ есептеу құралының құнын" сөздері алынып тасталсын;
3-тармақта "мен есептеу құралының құны" сөздері алынып тасталсын;
4) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"4) мекенжайлық анықтама немесе азаматтарды тіркеу кітабы;";
10) тармақша келесі редакцияда жазылсын:
"10) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;";
13) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"Тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде келесі коммуналдық қызмет түрлерін төлемақысын жасауға шығындар ескеріледі:";
24-тармақ алынып тасталсын;
25-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"25. Басқарма құжаттарды қабылдаған күннен бастап он күннің ішінде тұрғын үй көмегін тағайындау туралы немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қабылдайды.";
26-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
"26. Тұрғын үй көмегін алушы тұтынылған коммуналдық және басқа қызметтер туралы (екі айдың ішінде) мәліметтерді белгілі бір себептерге байланысты (науқастану, қала шегінен тыс жерде болу) уақытылы ұсынбаған жағдайда және осы себептерді куәландыратын тиісті анықтаманың болғаны кезінде, комиссия көрсетілген кезеңге тұрғын үй көмегін төлейді.";
29-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
"29. Кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуді төлеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтау жарнасына қатысты Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға тұрғын үй көмегiн төлеу оны кондоминиум объектісінің жалпы мүлігін күрделі жөндеуге сомалар жинақтау үшін кондоминиум объектісін басқару органының жинақ шотына екiншi деңгейлi банктердің бөлiмшелерi арқылы аудару жолымен жүргiзiледi."
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | Қ. Жауханов |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |