"Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 158-711 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 мамырда № 812 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 158-653 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 06.04 2017 № 158-653 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы" 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасын бекiту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 20 ақпандағы № 3-1-550қ қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 10 наурызда № 314 болып тіркелген, 2004 жылғы 30 наурызда № 41 "Астана хабары", 2004 жылы 30 наурызда № 35 "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген Үйде тәрбиеленетiн және оқытылатын мүгедек балалары бар отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету Қағидасында:
      6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Астана қаласындағы банктер бөлімшелеріндегі жеке есеп-шотының нөмірін көрсетумен әлеуметтік көмек тағайындау туралы өтініш;".
      2. "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Әкім
И. Тасмағамбетов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады