Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 19.06.2024 № 185/23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Астана қаласы мәслихатының 2012 жылғы 6 маусымдағы № 27/4-V "Астана қаласының әлеуметтік маңызды қатынастарының тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2012 жылдың 19 маусымында № 728 болып тіркелді, "Астана ақшамы" газетінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 68 нөмірінде, "Вечерняя Астана" газетінің 2012 жылғы 21 маусымдағы № 73 нөмірінде жарияланған) шешіміне (бұдан әрі - Шешім) келесі толықтыру енгізілсін:
Шешімнің қосымшасы келесі мазмұндағы 10-жолмен толықтырылсын:
"
10. | Астана қаласы, "Көктем" сауда үйі " аялдамасы – Қоянды саяжай алабы |
".
2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енедi.
Астана қаласы мәслихаты | |
сессиясының төрағасы | С. Богатырев |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |