Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі туралы

Күшін жойған

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 251/36-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 824 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 167/21-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексi 55-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қосымшаға сәйкес Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты

      сессиясының төрағасы С. Богатырев

      Астана қаласы

      мәслихатының хатшысы С. Есілов

  Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 251/36-V шешіміне
қосымша

Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына
қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем
төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі

      Осы Астана қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек көрсету тәртібі (бұдан әрi – Тәртіп) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексi 55-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі Заңының 20-бабына, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласы мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық бағыттағы жолаушылар көлiгiнде жол жүруге төлем төлеуден босату түріндегі әлеуметтiк көмек (бұдан әрi – әлеуметтiк көмек) Астана қаласында тiркелген және тұрақты тұратын азаматтарға көрсетіледі.

      2. Әлеуметтiк көмектi қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

      3. Әлеуметтiк көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрi – Әкiмші) әкімшісі болып табылатын "Жергілікті өкілетті органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк көмек" бюджеттік бағдарламасына (бұдан әрi – Бағдарлама) сәйкес және қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде ұсынылады.

      4. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Әкімші, "Астана қаласының Жолушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) және "Астана қаласының Жолаушыларды тасымалдау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – Орталық) арасында міндеттемелерді орындау талаптары мен тараптардың міндеттері ескертілген шарт жасалады.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қалалық филиалына (бұдан әрі – ЗМТО) қажет болған жағдайда Тәртіпте көрсетілген азаматтар санаттарына жататын, сондай-ақ ЗМТО деректер қорында тіркелген, қайта тағайындалғандар және көшіп келген азаматтар туралы мәліметтерді тоқсан сайын бір рет Әкімшіге және Басқармаға ұсынады.

2-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:

      1) жасы бойынша және еңбек сiңiрген жылдары бойынша зейнеткерлерге, сонымен қатар зейнеткерлік жасқа жеткен жасына байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға;

      2) көп балалы аналарға;

      3) көп балалы отбасыларға;

      4) мүгедектерге;

      5) он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға;

      6) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға ұсынылады.

      7. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүруге төлем төлеуден босату үшін зейнеткерлік куәліктің түпнұсқасы негіз болып табылады.

      8. Басқарма:

      1) Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес қалалық жолаушылар көлігінде қызмет көрсететін тасымалдаушыларды (бұдан әрі – тасымалдаушылар) анықтайды;

      2) Астана қаласының аумағында қалалық жолаушылар көлігінің бағыттары бойынша тасымалдауды ұйымдастырады;

      3) қалалық жолаушылар көлігінің бағыттарын қызмет көрсету сапасына бақылауды жүзеге асырады;

      4) ай сайын осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген тасымалдаушылармен жүзеге асырылған азаматтарды тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстардың актісін дайындау жолымен атқарылған жұмыстарды есепке алуды қамтамасыз етеді және келесі айдың 10-на дейін оларды Әкімшіге ұсынады;

      5) осы мақсаттарға бөлінген бюджеттік қаражатты бөлуді тасымалдаушылар арасында қамтамасыз етеді.

      9. Әкiмші:

      Басқарма арқылы, орындалған жұмыстардың актілері негізінде, көрсетілген қызметтер санына қарамастан және толық көлемде қаржыландырудың бекітілген жоспарына сәйкес осы Тәртіптің 6-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына тегін жол жүруге байланысты тасмалдаушылардың шығынын ішінара орнын толтыруды жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады