Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының маслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 20.07.2017 № 172/21-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Ережесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 257/39-IV шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 15 желтоқсанында № 606 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 желтоқсандағы "Астана ақшамы" және "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауындағы және бүкіл мәтіні бойынша "ережесі", "Ережесі", "ережелер", "Ереже", "Ереженің" деген сөздер тиісінше "қағидасы", "Қағидасы", "қағидалар", "Қағида", "Қағиданың" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы маслихаты | |
сессиясының төрағасы | С. Богатырев |
Астана қаласы | |
мәслихатының хатшысы | С. Есілов |