Астана қаласының көшесіне атау беру туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы 252/36-V және Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 110-1028 бірлескен шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылы 8 тамызда № 831 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына, Астана қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, қалалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 26 шешімінің, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 23 сәуірдегі қорытындысы негізінде, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Астана қаласы «Алматы» ауданының № А43 жобалық атауы бар көшеге Иван Панфиловтың есімі берілсін.
      2. Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі, «Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімді іске асыру жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы Астана қаласы әкімдігінің қаулысы және мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласының әкімі                         И. Тасмағамбетов

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                               С. Богатырев

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                                  С. Есілов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады