Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы

Жаңартылған

Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылы 8 тамызда № 829 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласы маслихаты


сессиясының төрағасы

С. Богатырев

Астана қаласы


мәслихатының хатшысы

С. Есілов


  Астана қаласы мәслихатының
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ 249/36-V шешімімен бекітілген

Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 24.06.2016 № 36/7-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 23.08.2018 № 297/36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.

      2. Қағиданы келесілер орындауға міндетті:

      1) жергілікті атқарушы органдар;

      2) теңгерімінде, жедел басқаруында, шаруашылық жүргізуінде немесе жалға алуда, қызмет көрсетуінде жылумен жабдықтау көздері, инженерлік құрылыстар, коммуникациялар мен ғимараттары бар, ведомстволық бағыныстылығы мен меншік түріне қарамастан, кондоминиумды басқару органдары;

      3) Астана қаласының тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық кешені объектілерін салу, монтаждау, қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарын атқарушы құрылыс-монтаждау, жөндеу және қалыпқа келтіру ұйымдары.

      3. Қағида тұтынушылардың объектілерін тұрақты жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және оны сумен жабдықтауды қамтамасыз ету бойынша жылу маусымына дайындық және оны өткізу қызметін, Қазақстан Республикасындағы нормативтік-техникалық құжаттамаға, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға, қолданыстағы стандарттардың өлшемдеріне сәйкес, ғимараттардың мақсатын ескере отырып энергия тасымалдауыштардың тиісті өлшемдері мен нормативтік температура режимін ұстап тұруды үйлестіреді.

      4. Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер:

      1) су шаруашылығы ұйымы – қызметі суды реттеумен, жеткізумен, өндірумен, сумен жабдықтаумен, су бұрумен және су объектілерін пайдаланумен байланысты заңды тұлға;

      2) кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару және оны күтіп-ұстауға үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жиналысымен уәкілеттілік берілген жеке немесе заңды тұлға;

      3) тұтынушы – шарт негізінде электр және (немесе) жылу энергиясын, су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;

      4) сақталатын қолхат – тұтынушының объектісіне тиекті жабу пломбасын орнату кезінде сөндіру мерзімін, сөндірілетін жүктеменің түрі мен мөлшері көрсетілген энергия беруші ұйыммен ресімделетін құжат;

      5) уәкілетті орган - энергетика салаласында мемлекеттік басқару мен басшылықты жүзеге асыруға уәкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      6) сараптамалық ұйымы – электр энергетикасы мәселелері бойынша энергетикалық сараптама жүргізу үшін аккредиттелген ұйым;

      7) энергия беруші ұйым – шарт негізінде электр немесе жылу энергиясын беруді іске асыратын ұйым;

      8) энергия өндіруші ұйым – өз мұқтажы үшін электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру және (немесе) сатуды, сондай-ақ импортталатын электр энергиясын жеткізуді жүзеге асыратын ұйым.

2. Жылыту маусымына дайындық және оны өткізу жалпы талаптары

      5. Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізуді бақылауды Астана қаласы әкімінің аппараты, қала аудандарында - аудан әкімдерінің аппараттары және энергия өндіруші, энергия беруші және су шаруашылығы ұйымдарының басшылары жүзеге асырады.

      6. Жаңа жылыту маусымында күзгі-қысқы жағдайларда жұмыс істеуге қаланың электр энергетикасы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін дайындаудың жалпы жоспарын әзірлеу үшін:

      1) кәсіпорындар мен ұйымдар, кондоминиум объектілерін басқару органдары жыл сайын 15 наурызға дейін қаланың аудан әкімдері аппараттарына жылыту маусымына ведомстволық бағынысты объектілердің (ғимараттар, үй-жайлар, инженерлік желілер) дайындық жоспарын ұсынады;

      2) аудан әкімі аппараттары 1 сәуірге дейін Астана қаласы әкімінің аппаратына жылумен жабдықтаушы, электрмен жабдықтаушы және сумен жабдықтаушы ұйымдармен келісілген, жылыту маусымына аудандардың объектілерінің (ғимараттар, үй-жайлар, инженерлік желілер) дайындығының жиынтық жоспарын тапсырады;

      3) теңгерімінде жылу энергиясының көздері, 110/10 кВ қосалқы станциялары, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялары, 110 кВ және 10 кВ әуе және кабель желілері, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері бар кәсіпорындар мен ұйымдар 15 наурызға дейін Астана қаласы әкімінің аппаратына негізгі жабдықтарды күрделі жөндеу жоспары мен келесі жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шараларды орындау кестесін тапсырады.

      Негізгі жабдықтарды жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шараларды орындау жоспары мен кестесінде өзгерістер туындаған жағдайда, кәсіпорындар мен ұйымдар әр айдың 25 күніне дейін жоспар мен кестенің түзетулерін тапсырады.

      7. Жылыту маусымына дайындық жоспарын орындау бойынша есептер жыл сайын тапсырылады:

      1) аудан әкімдері аппараттарына кәсіпорындармен, ұйымдармен, кондоминиум объектілерін басқару органдарымен – 25 маусымда, 25 шілдеде, 25 тамызда;

      2) аудан әкімдері аппараттарымен Астана қаласы әкімінің аппаратына – 1 шілдеден, 1 тамыздан, 1 қыркүйектен кешіктірілмей;

      3) Астана қаласы әкімінің аппаратына теңгерімінде жылу энергиясының көздері, 110/10 кВ қосалқы станциялары, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялары, 110 кВ және 10 кВ әуе және кабель желілері, жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру желілері бар кәсіпорындар мен ұйымдармен – 1 шілдеден, 1 тамыздан, 30 қазаннан кешіктірмей;

      4) кәсіпорындар мен ұйымдар 110 кВ-ҚС, ТП-10/0,4 кВ, 110-10-0,4 кВ-ЭБЖ электр техникалық жабдықтарын жөндеу жоспарын және жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар кестесін орындамаған жағдайда жылыту маусымына дайындық туралы есепке қоса беріледі:

      жоспарлардың орындалмау себептері көрсетілген анықтама;

      жағдайды түзету бойынша қабылданып жатқан шаралар;

      жұмыстарды орындаудың жаңа мерзімдері.

      8. Тұтынушылар мыналарды орындауы тиіс:

      1) энергия тұтынатын жүйелер мен инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын іске асыру;

      2) мамандандырылған ұйыммен энергия тұтыну жүйелері мен инженерлік желілерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу, соның ішінде жылу энергиясын автоматты реттеу жүйесі мен есептеу аспаптарына қызмет көрсету шартын жасау;

      3) өз объектілерінің аумағына және үй-жайларына тәуліктің кез-келген мерзімінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау ұйымдарының өкілдеріне инженерлік желілер мен коммуникацияларды жөндеу және қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу үшін қызмет көрсетуші ұйымдарға жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау жүйелерінің жұмыс тәртібін байқау және бақылау үшін кедергісіз енуін қамтамасыз ету;

      4) сараптау ұйымдарының нұсқауларын, энергия беруші ұйымның техникалық талаптарын, тұрғын үй инспекциясының, энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның ұсынымдарын орындау;

      5) электр, жылу энергиясы, су және ортақ мүлікті күтіп-ұстау бойынша бар берешекті өтеу.

      9. Инженерлік желілерді қайта жаңарту және күрделі жөндеу жұмыстары, аудан әкімдері аппараттарымен келісілген жұмыс жүргізу (жөндеу) кестесі бойынша, техникалық құжаттамаға сәйкес жыл бойына жүргізіледі.

      10. Инженерлік жүйелер мен коммуникациялар жұмысындағы апаттар мен бұзушылықтар жағдайында тұтынушыларға хабарлау үшін кондоминиум объектісін басқару органымен, қызмет көрсетуші ұйыммен ұйымның атауы, мекенжайы мен телефон нөмірі берілген ақпараттық тақта жасалады.

      11. Инженерлік коммуникациялар өтетін жертөле орын-жайлары сәулет органдарының, объектіні басқару органының, сондай-ақ үй-жайлардың меншік иелерінің тиісті рұқсатынсыз қойма және басқа мақсаттағы орын-жай етіп қолданылуға тиіс емес. Сонымен пайдаланушы (жалдаушы, жалгер) өз қаражаты есебінен қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес үй-жайларды қайта жаңарту (қайта жоспарлау) техникалық жобасын жасайды, оны мүдделі ұйымдармен келіседі, содан кейін жобаға сәйкес жұмыстарды атқарады.

3. Жылыту маусымына дайындық

      12. Жылыту маусымы дайындыққа мыналар жатады:

      1) өткен жылыту маусымында анықталған кемшіліктерді анықтау, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде іс-шаралар әзірлеу және орындау;

      2) электр энергетикасы объектілерін, құрылымдарды, ғимараттарды жаңа жылыту маусымына дайындық іс-шаралары жоспарын бекітумен және оның атқарылуы жөніндегі есебі бар өткен жылу беру маусымының қорытындысы туралы есеп;

      3) аталған объектілерді жаңа жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспарын және оны орындау есебін бекітумен, инженерлік желілерді салу (қайта жаңарту) объектілері бойынша орындалған жұмыстар туралы әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің есебі;

      4) мердігерлік ұйымдармен шарт жасау, Қазақстан Республикасының заңнамасы шегінде қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

      5) энергия көздерінде, 100 Гкал дейінгі қазандықтарда жөндеу жұмыстарын жүргізу, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес қазандықтарды, түтіктерді, құбыржолдарды қарау және сынау;

      6) жылу және электр желілерінде қайта жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу, сынақ және шаю, жылу желілерінің температуралық кестесі мен гидравликалық режимін әзірлеу жөніндегі жұмыстарды орындау;

      7) ғимараттарды дайындау, алдын алу және инженерлік жүйелердің жабдықтарын жөндеу және ауыстыру жұмыстарын жүргізу;

      8) сумен жабдықтау жүйелеріндегі, жылумен жабдықтау көздеріндегі жұмыстарды орындау;

      9) отын қоймаларын дайындау, резервтік отын шаруашылықтарының жабдықтарын, жылу беру, отын дайындау, теміржол және автомобильдік кіреберіс жолдары, өртке қарсы шаруашылық жүйелеріне жөндеу жүргізу;

      10) пайдаланатын отын қорын құру;

      11) техникалық ақауларды анықтауды немесе (және) техникалық құрылғыларды (қазандықтар, ыдыстар, құбырлар) жаңартуды қамтамасыз ету;

      12) жабдықты апаттық жөндеу үшін материалдар мен қосалқы бөлшектердің қажетті қорын құру.

      13. Кәсіпорындар, ұйымдар, кондоминиум объектілерін басқару органдары қысқы ең жоғарғы температурадан өту кезінде, күзгі-қысқы маусымдағы жылу қажеттігін қамтамасыз ету үшін, жылу көздерінің жұмысын қосуды қамтамасыз ететін электр және су коммуникацияларын жөндеу және алдын алуды аяқтау мақсатында негізгі жабдықты дайындау бойынша жұмыстарды – 1 қазанға дейін іске асырсын.

      14. Энергия беруші ұйымдар жылу көздерін жұмысқа қосуды қамтамасыз ететін магистральдық жылу желілерін, коммуникацияларды дайындау жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтасын.

      15. Жылумен жабдықтау және энергиямен жабдықтау ұйымдары тарату жылу желілерінде, жылумен жабдықтаудың ішкі үйішілік жүйелерінде және кіретін жерлеріндегі жұмыстарды 20 қыркүйекке дейінгі мерзімде аяқтасын.

      16. Қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес жылу желілері мыналарға ұшырайды:

      беріктік және тығыздық (гидравликалық тығыздау) сынағына;

      есептік температура сынағына;

      гидравликалық және жылу шығындары сынағына.

      17. Жылу желілері сынақтарының барлық түрлері жеке өткізіледі. Барлық жағдайларда мыналар қажет:

      сынақтар бағдарламасында көрсетілген, жылу желілерінің барлық нүктелерін мұқият бақылауды қамтамасыз ету;

      сынақ басшыларымен, жекелеген орындаушылар мен тұтынушылар арасындағы жедел байланыс.

      18. Жұмыстарды (жөндеулер) жүргізу, сынақтар өткізу және жабдықтарды жоспарлы жөндеуге шығару кестелері уәкілетті органға тапсырылады.

      19. Жұмыстарды (жөндеулер), сынақтар өткізу кезінде тұтынушыларға электр энергиясы мен суды беру үзілісі 21 күннен аспайды. Үлкен мерзімге үзіліс немесе қайталап сөндіру қала ауданы әкімдерінің аппараттарымен келісіледі.

      20. Жабдықтарды шығару үшін жұмыстарды (жөндеулер) жүргізу кестесін уәкілетті органға тапсыру мерзімдері:

      1) энергия көздері мен қазандықтарды жоспарлы жөндеу – 1 сәуірге дейін;

      2) желілерді жөндеу және қайта жаңарту - 1 сәуірге дейін;

      3) есептік температураға сынақ жүргізу үшін - 1 сәуірге дейін;

      4) жылыту маусымы аяқталған соң желілерге гидравликалық тығыздау жүргізу үшін - 5 сәуірге дейін.

      Жұмыс жүргізу (жөндеу) кестелерін келісу мерзімі – 5 жұмыс күні.

      21. Желілердің меншік иелері бір апталық мерзімде барлық мүдделі тұлғаларға жұмыс жүргізу (жөндеу) және сынақ кестелерін жеткізеді.

      22. Жылу желілері монтаждалған, күрделі жөндеуден және қайта жаңартудан өткен соң гидропневматикалық жууға ұшырайды. Апатты жұмыстар орындалғаннан кейін жылу трассаларында желілердің осы учаскелерінде гидравликалық жууды жүргізу қажет етіледі.

      23. Жылу желілерінің, кіру, үйішілік жылу жүйелерінің меншік иелері, кондоминиум объектісін басқару органдары өздерінің желілерін, кірулерін, үйішілік жүйелерін дайындау кестелерін әзірлейді және жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау ұйымдарымен олардың жұмыс (жөндеу) жүргізу кестелерін келіседі.

      24. Тұтынушылардың жаңадан қосылатын және қайта жаңартылатын жылу қолдану қондырғылары қосуға берілген техникалық шартқа сәйкес болуы және белгіленген тәртіпте энергия беруші, сумен жабдықтаушы және сараптау ұйымдарымен келісілген жобалық құжаттамаға сәйкес орындалуы тиіс.

      Жылу қондырғылары мен жылу желілерін пайдалануға қосқанға дейін тапсырыс беруші мердігерлік ұйыммен бірлесіп, энергия беруші ұйымның өкілінің қатысуымен нормативтік талаптармен қарастырылған сынау, қалыпқа келтіру және жуу жұмыстарын өткізеді.

      25. Ғимараттың жылу жүйесін дайындаған соң желілік сумен толтырып, оны консервациялау іске асырылады.

      26. Мердігерлік құрылыс ұйымдары жылу желілерін, орталық жылу пункттерін, пайдалануға берілмеген, жаңадан салынған үйлердің орталықтандырылған жылумен және ыстық сумен жабдықтау сорғы жүйелерін жылу маусымына дайындауды, инженерлік коммуникацияларға ойып қосуды 1 қазанға дейінгі мерзімде қамтамасыз етеді.

      27. Объектілердің (ғимараттардың, үй-жайлардың, инженерлік желілердің) жылу маусымына дайындығы жылу маусымына тұтынушының жылумен жабдықтаудың, сумен жабдықтаудың және су бұрудың техникалық әзірлік актісімен айқындалады.

      28. Барлық мақсаттардағы ғимараттардың, қазандықтар мен жылу пункттерінің техникалық әзірлік актілерін ресімдеуді 1 қазанға дейін аяқтау талап етіледі.

      29. Электр станциялары, электр энергетикалық кәсіпорындардың жылу және электр желілері объектілерінің күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігін бағалау Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу қағидалары мен мерзімі шеңберінде 1 қарашаға дейінгі мерзім болып айқындалады.

      Ескерту. 29-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 24.06.2016 № 36/7-VI (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4. Жылу беру маусымының басталуы

      30. Тұтынушыларды жылумен жабдықтауға қосу мына тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) балалар, емдеу, мектеп мекемелері, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер;

      2) тұрғын үй ғимараттары, жатақханалар, қонақ үйлер;

      3) әкімшілік ғимараттар, оқу мекемелері, театрлар;

      4) басқа ғимараттар.

      31. Тұтынушылардың объектілерін жылумен жабдықтау көздеріне қосу барысын шұғыл бақылау үшін энергия беруші ұйымдар аудан әкімдерінің аппараттарына, Астана қаласының жедел-ақпараттық қызметіне тұтынушы объектісінің атауы мен жылу жүктемелерін көрсетіп анықтамалар береді.

      32. Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының +100С және одан да төмен болғанда бес тәулік ішінде Астана қаласының жергілікті атқарушы органының жылу беру маусымының басталуы туралы шешімі қабылданады.

      33. Энергия беруші ұйым жылу беру маусымы басталғаннан кейін бір айдың ішінде тұтынушылардың жылу желілері мен кірулеріне түпкілікті реттеу жүргізеді. Тұтынушылар үйішілік жүйелердің түпкілікті реттеулерін жүргізеді. Энергия беруші ұйым қажет болған жағдайда шүмек пен диафрагмаға қайта есептеу жүргізеді. Персоналдар ауыстыру жұмыстарын энергия беруші мекеме өкілдерінің бақылауымен жүргізеді.

      34. Энергия өндіруші ұйым жылу беру маусымы барысында энергиямен жабдықтаушы ұйыммен және жылу беру маусымына дайындық және өткізу жөніндегі Астана қаласының уәкілетті органымен келісілген, энергия беруші ұйым әзірлеген режимдік карта бойынша жұмыс жасайды.

      Жылыту маусымы барысында жылумен жабдықтау және жылу жүйелері төмендегі режимнің бірінде жұмыс істейді:

      қалыпты – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы минус 200С-қа дейін;

      күшейтілген кезде – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы минус 200С бастап -350С-қа дейін;

      есепсіз – сыртқы ауаның орта тәуліктік температурасы минус 350С-қа дейін.

      35. Тұтынушыларға беретін жылу энергиясының сапасын бақылау үшін энергия беруші ұйым жылыту маусымы басталғанға дейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей температура кестесін жасайды және аудан әкімдерінің аппаратына жолдайды.

      36. Жылыту маусымы кезінде энергия өндіруші, энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы және су шаруашылығы ұйымы:

      1) жылу беруші ұйымның диспетчерімен берілген, режимдік картаға сәйкес жылу тасымалдағыштың есептік гидравликалық және температуралық өлшемдерін қамтамасыз етеді;

      2) халыққа қызмет көрсетуші кәсіпорындардан, ұйымдардан шағымдар қабылдауды іске асырады және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      3) аудан әкімдері аппараттарын, тұтынушылардың авариялық-диспетчерлік қызметтерін апаттар мен шектеулер, жылу беруді тоқтату, немесе сумен жабдықтау сапасының нашарлауы жөнінде себептерін, қабылданып жатқан шараларды және жоюдың болжанған мерзімдері жөнінде тез арада хабарлайды;

      4) жылу, су құбыры және кәріз желілеріндегі апатты жағдайлар кезінде бір сағат ішінде, жылумен жабдықтаудың белгіленген режимдері бұзылған жағдайда – тұтынушылардан ақпарат алғаннан кейін бір тәулік ішінде өз өкілдерінің баруын қамтамасыз етеді;

      5) тұтынушылардың теңгерімінде тұрған жылу желілерінің және жылу пункттерінің техникалық жай-күйі мен дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;

      6) өздері қызмет көрсететін жылу желілерінің құбырларындағы ақауларды жою жұмыстарын жүргізеді.

      37. Жылыту маусымынан өту кезінде кондоминиум объектісін басқару органдары, қызмет көрсететін ұйымдар:

      1) нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарын орындайды;

      2) халықтан шағым қабылдауды жүзеге асырады және оларды жою бойынша шаралар қабылдайды;

      3) жылу тұтыну режимдеріне қатысты энергия беруші ұйымдардың шұғыл нұсқауларын орындайды;

      4) өз бетінше (энергия беруші ұйымның рұқсатынсыз) ойып қосуларға, диафрагма мен шүмектерді шешуге және/немесе бұрғылауға, жылу тұтыну жүйелерін ағызып жіберуге қоюға және т.б. жол бермейді;

      5) жылу тұтынудың үйішілік жүйесін реттеу арқылы барлық қыздыру аспаптарының біркелкі жылуын қамтамасыз етеді;

      6) тоқсанына бір рет барлық су жылытқыштардың тығыздығын тексеруді қамтамасыз етеді;

      7) халықты үй кіреберістеріндегі тақтайшаларға хабарлама ілу арқылы жылумен жабдықтау немесе сумен жабдықтаудан сөндіретіні, шектейтіні жөнінде құлақтандырады;

      8) олардың теңгеріміндегі жылу, су құбыры, кәріз желілері мен үйішілік жүйелердегі ағуларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдайды;

      9) желілік су айналымы тоқтаған кезде, сыртқы ауаның суық температуралары кезіндегі олардың қатуының және қатардан шығуының алдын алу үшін жылу жүйесіндегі судан сенімді босатылуларын қамтамасыз етеді;

      10) босатудың жергілікті жағдайын ескере отырып, сондай-ақ жылу тасығышты сорғытпай жылу жүйесін сөндірудің рұқсат етілетін ұзақтығын пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен анықтайды;

      11) авариялық жағдайда бір сағат ішінде өзінің өкілдерінің шығуларын қамтамасыз етеді.

      38. Авария орнындағы, инженерлік желілер мен коммуникациялардың иелері жер жұмыстарын жүргізуді келісу үшін бір сағат ішінде өзінің өкілдерінің шығуын қамтамасыз етеді.

5. Қысқы кезеңде жоғарғы шектен өту

      39. Қысқы кезеңде сыртқы орта айлық ауа температурасының теріс кезеңімен анықталады.

      40. Жыл сайын 20 қыркүйекке дейін кондоминиум объектілерін басқару органдары, қызмет көрсетуші ұйымдар мынаны қамтамасыз етуі тиіс:

      қысқы кезеңдегі жоғарғы шектен өтуді қамтамасыз ететін жабдықтарды дайындау;

      жылу маусымы басталғанда анықталған ескертулер мен ақауларды жою;

      жылу желілерін реттеу және резервтік отынмен жабдықтың жұмысын қамтамасыз ететін, жүйеге кешенді сынау жүргізуді қамтамасыз ету.

      41. Күшейтілген режимнің басталуымен:

      1) құлақтандыру сызбасы нақтыланады, энергия өндіруші, энергия беруші, сумен жабдықтаушы, қызмет көрсетуші ұйымдардың жауапты қызметкерлері мен тұтынушылардан (жалға алушылар) кезекшілік белгіленеді;

      2) энергия беруші, сумен жабдықтаушы, қызмет көрсету ұйымдарының авариялық-қалыпқа келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі;

      3) тұтынушының, кондоминиум объектісін басқару органының немесе қызмет көрсететін ұйымның персоналымен жылумен жабдықтау жүйесінің жұмысы және ғимаратты жылыту жағдайына кезең-кезеңмен тексерістер мен бақылаулар ұйымдастырылады;

      4) жылумен жабдықтау көздеріндегі резервтік және авариялық жабдықтың жұмысы, негізгі және резервтік отынның, аспаптардың, материалдар мен қосалқы бөлшектердің болуы тексеріледі;

      5) барлық энергия өндіруші, энергия беруші, сумен жабдықтау, қызмет көрсету ұйымдарында кәсіпорын бойынша бұйрық шығарылады және кәсіпорын жұмысшыларының тәуліктік кезекшілігі енгізіледі;

      6) жергілікті атқарушы органның өкімі бойынша кәсіпорындар мен ұйымдарда авариялық жағдайда пайдаланатын тетіктер мен материалдармен қамтамасыз етілген көмекші авариялық-қалыпқа келтіру бригадаларының көтеріңкі дайындығы енгізіледі.

6. Жылыту маусымын аяқтау және жазғы кезеңде ыстық сумен
жабдықтауды қамтамасыз ету

      42. Тұрақты сыртқы орта тәуліктік ауа температурасы +100С жоғары болғанда күнтізбелік бес күн ішінде Астана қаласының жергілікті атқарушы органының жылыту маусымын аяқтау туралы шешімі қабылданады.

      Энергия беруші ұйымдар үш күн ішінде тұтынушыларды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жылу беру маусымының аяқталуы туралы және жылу жүйесін ажырату қажеттігі туралы хабардар етеді, жылу тұтыну жүйесін (жылу, желдету, ЫСЖ) ажырату актісін ресімдейді.

      43. Жылу энергиясы көздерінде су айдау қысқартылады және санитарлық нормаларға сәйкес тұрақты ыстық сумен жабдықтау қамтамасыз етіледі.

      44. Жылыту маусымы аяқталған соң тұтынушыларға орталық жылу жүйесін ысырмалармен (қажет болған жағдайда тығын орната отырып) сөндіру және ыстық сумен жабдықтау жүйесінің жұмысын жазғы сызба бойынша қамтамасыз ету қажет. Жөндеу жұмыстары басталғанға дейін және олар аяқталған соң орталық жылыту жүйелерін желілік сумен толтыру қажет.

      45. Жазғы кезеңде энергиямен жабдықтайтын ұйымдар тұтынушыларды жылу энергиясы көздері және жылу желілері жабдықтары жұмысының бекітілген сызбасы бойынша ыстық сумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Ыстық суды беру кезіндегі үзілістер жылумен жабдықтау көздерін ыстық сумен жабдықтау қондырғыларын жөндеу, элеваторлық тораптарын және үйішілік жүйелерді дайындауға қажет уақытта аудан әкімдері аппараттарымен келісілген кестеде белгіленген мерзімнен көп болуы мүмкін емес. Ыстық сумен жабдықтау үзілген кезеңіндегі төлемді тұтынушылар жүргізбейді, қайта есептеу тәртібі энергия ресурстарын босату шартымен реттеледі.

7. Жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша
шұғыл-диспетчерлік және авариялық-қалыпқа келтіру қызметтерінің
өзара іс-қимыл тәртібі

      46. Жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау және су бұру бойынша шұғыл-диспетчерлік және авариялық-қалыпқа келтіру қызметтерінің негізгі міндеттері жылумен, электрмен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, аварияның алдын алу бойынша шұғыл шаралар қабылдау, авария ошағын жою, жүйелердегі ақауларды жою және берілген режимдерді қалпына келтіру.

      47. Шұғыл-диспетчерлік және авариялық-қалыпқа келтіру қызметтері әрекетінің жалпы үйлестірілуін Астана қаласы әкімінің аппараты жүзеге асырады.

      48. Кәсіпорындарда аварияларда, шектеулерде және тұтынушыларды сөндірулер кезінде, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау көздеріндегі жылу қуаты мен отынның жетіспеушілігінде әрекет етудің нақты әзірленген шұғыл жоспары бар кәсіпорын басшысымен бекітілген нұсқаулықтар болуы тиіс.

      Нұсқаулыққа қойылатын талаптар:

      1) мүмкін болатын авариялық сөндірулердің сызба қосымшасы болуы тиіс;

      2) жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау жүйелерін сөндіру тәртібін, артынан оларды толтыру және авариялық режимдерде әзірленген нұсқалар болса жұмысқа енгізілуі көрсетілуі тиіс;

      3) жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау жұмысындағы авариялық режимдер кезінде кезекшілікті ұйымдастыру және персоналдың әрекеті анықталуы тиіс.

      49. Әрбір кәсіпорынға аварияны оқшаулау және жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін қажетті аспаптар, механизмдер, көлік, дәнекерлеу постылары, тығын арматурасының авариялық толтырылатын қоры мен материалдары болуы тиіс. Авариялық қордың көлемі, оны сақтау орны кәсіпорын басшысымен белгіленеді.

      50. Жанар-жағар май құю станциясының меншік нысанына қарамастан аварияны оқшалау және жоюға тартылған көлікке жанармай құю, қаланың автомобильдерге жанармай құю станцияларында кезексіз жүргізіледі.

      51. Ұзақ мерзім бойы жылумен жабдықтау үзілістерін тудыратын жұмыстың біршама көлемі болған жағдайда қалпына келтіру жұмыстарына қаланың мамандандырылған құрылыс-монтаж және басқа ұйымдары тартылады.

      52. Жылу көздері мен жылу желілерінде апатты жағдайдың жариялануына байланысты:

      1) барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінде және энергетикалық кешендерде тәуліктік кезекшілік енгізіледі;

      2) қала (аудан) әкімінің өкімі бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда авариялық жағдайларда қолдануға арналған механизмдер мен материалдармен қамтамасыз етілген, қосымша авариялық-қалыпқа келтіру бригадалары дайындыққа келтіріледі.

      53. Күшейтілген және есептен тыс режимдер кезіндегі ұйымдардың ғимараттарды (үйлерді) пайдалану қызметтерінің тиісті шаралары мен іс-әрекеттері тиісті шараларда көрсетіледі.

8. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік

      54. Қағиданы бұзғаны үшін жауапкершілік қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына және жылу энергиясын беру және (немесе) тарату жөніндегі қызметтерді көрсету шартына сәйкес белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады