"Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 249/36-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 36/7-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 29 шілдеде № 1042 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидасы туралы» Астана қаласы мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы   № 249/36-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2014 жылғы 8 тамызда № 829 болып тіркелді, 2014 жылғы 16 тамызда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
      аталған шешіммен бекітілген Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларында:
      1-бөлімде:
      1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Астана қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық кесімдерді бекіту туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысына сәйкес әзірленді»;
      3-бөлімде:
      29-тармақта «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 373 қаулысымен бекітілген» деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Осы шешiм әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Ж. Нұрпейісов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады