"Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 қарашада № 848 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста, Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау мен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Әкім

И. Тасмағамбетов


  Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 16 қазандағы
№ 09-1732 қаулысына
қосымша

"Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже

      Ескерту. Ереженің барлық мәтін бойынша "сыртқы жарықтандыру,", "сыртқы жарықтандыруды" деген сөздер алып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 28.04.2017 № 367-727 қаулысымен.

1. Жалпы ережелер.

      1. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыратын Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі - әкімдік) уәкілеттік берген, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысандағы мемлекеттік мекеменің заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. Басқарманың егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Басқарма құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, "Сарыарқа" ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың фунциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілер бойынша табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, сондай қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет кірісіне жолданады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,
құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Астана қаласының аумағында сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерін, су және газ шаруашылығын, көгалдандыру және абаттандыру салаларын реттеу және басқару, халықты, объектілерді және аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан инженерлік қорғау жұмыстары.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Міндеттері:

      1) Астана қаласының қалалық коммуналдық меншік объектілерін (сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерін, су және газ шаруашылығы, көгалдандыру мен абаттандыруды) салуды және қайта жаңартуды ұйымдастыру;

      2) сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру жай-күйіне күнделікті бақылауды жүзеге асыру;

      3) Астана қаласының сумен жабдықтау мен су бұру инженерлік коммуникациялық желілерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру мен абаттандыруды перспективалық дамытуды жоспарлау;

      4) Астана қаласының сыртқы жарықтандыру, сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерін, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      5) Астана қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру, қалалық инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру қызметін қамтамасыз ететін заңды тұлғаларының қызметін үйлестіру;

      6) гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру;

      7) қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жылжыту кезінде гендерлік теңгерілім нормаларын сақтау;

      8) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормаларын сақтау;

      9) табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайларды ескерту мен жою және жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктер бойынша іс-шараларды орындауды ұйымдастыру;

      10) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Функциялары:

      1) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын қалалық және коммуналдық меншік объектілерін салу және қайта жаңарту бойынша тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру (сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік коммуникациялық желілері, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру);

      2) бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын Астана қаласының су, газ шаруашылығының инженерлік коммуникациялық желілерін салу, көгалдандыру және абаттандыру мақсатында мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жылжымайтын мүлік объектілерін бұзумен тапсырыс берушінің учаскелерін босату жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;

      3) су, газ шаруашылығы инженерлік коммуникациялар объектілеріне қатысты жобалар бойынша жобалау құжаттамасын қарау және келісу;

      4) жергілікті бюджет қаражаты және басқа да көздер есебінен қаржыландырылатын инженерлік коммуникациялық желілерді, көгалдандыру, орамшілік абаттандыру мәселелері бойынша су, газ шаруашылығы объектілерін жобалау және салу кезінде ескертулер мен ұсыныстар енгізу;

      5) мердігерлердің шарттық міндеттемелерді орындауына бақылау, сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерді, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру объектілерін салу және қайта жаңарту кезінде техникалық қадағалау жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инжинирингтік қызметтерді жұмылдыру;

      6) салынған, қайта жаңартылған сумен жабдықтау және су бұру инженерлік коммуникациялық желілерді, газ шаруашылығы объектілерін пайдалануға қабылдау бойынша тапсырыс берушінің жұмысын ұйымдастыру;

      7) уәкілетті органның қайтару негізінде бөлген қаражатын есепке алуды және қайтаруды қамтамасыз ету;

      8) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, азаматтардан келіп түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарау, олар бойынша шешім қабылдау;

      9) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен өзара қарым-қатынасты және ынтымақтастықты ұйымдастыру;

      10) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік және басқа да көмек көрсету;

      11) сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымын, газ шаруашылығы саласында әкімдіктің әрекет ету бағдарламаларын әзірлеу, олардың іске асырылуын бақылау;

      12) сумен қамтамасыз ету және су бұру, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында өңірлік ғылыми-техникалық саясатты әзірлеу және оларды іске асыру;

      13) инженерлік зерттеулер, жобалау, құру, қайта жаңарту, қалпына келтіру, ұйымдастыру және сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымын, газ шаруашылығын күрделі жөндеу, көгалдандыру және абаттандыру саласында нормативтік актілерді әзірлеуге қатысу;

      14) Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігі негізінде берілген сыртқы қарыздар және басқа көздер, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалауға, салуға және қайта жаңартуға конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

      15) инвестициялық бағдарламалар мен жобаларды, сондай-ақ Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру бойынша жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;

      16) су құбырларын, тазарту құрылғыларын, байланыс және Астана қаласының көлік және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте құрылыс-монтаж жұмыстарын өткізуге құқығы бар заңды және жеке тұлғаларды тарту жолымен құрылысты ұйымдастыру;

      17) Астана қаласының инженерлік инфрақұрылымын стратегиялық дамыту бағдарламасын әзірлеу, тиімділігі жоғары технологияларды енгізуге бағытталған сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты іске асыру бойынша әзірлеуге қатысу;

      18) сыртқы жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында энергетикалық кешенді дамытудың ағымдағы және перспективалық жоспар-болжамын әзірлеуді ұйымдастыру;

      19) Астана қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

      20) Астана қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласын перспективалық дамытуды жоспарлау;

      21) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарына есеп беруді ұйымдастыру;

      22) сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыруды дамыту саласының жай-күйіне қатысты күнделікті жедел бақылауды жүзеге асыру;

      23) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Астана қаласы әкімдігінің және әкімінің (бұдан әрі - әкім) инженерлік инфрақұрылым саласына қатысты мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілері мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізу;

      24) сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыру саласында қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларын, әкімдік қаулыларын, әкімнің шешімдері мен өкімдерін, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуді, нормативтік құқықтық актілердің дайындалуын ұйымдастыруды орындау тәжірибесін талдауды жүзеге асыру және қорытындылау;

      25) сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыруды дамыту саласындағы қызметті қамтамасыз ететін Астана қаласының заңды тұлғаларының қызметін үйлестіру;

      26) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын сумен қамтамасыз ету және су бұру және коммуникациялық желілері, газ шаруашылығы, көгалдандыру абаттандыру саласындағы құру, қайта жаңарту, жөндеу, қалпына келтіру және жаңарту барысында тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;

      27) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, қызметтік хат-хабарларды қарау;

      28) сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыруды дамыту саласында заңды және жеке тұлғаларға әдістемелік, құқықтық қызмет көрсету және жұмыстарын үйлестіру;

      29) Басқарма құзыреті шегінде Астана қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру инженерлік инфрақұрылымы, газ шаруашылығы, көгалдандыру және абаттандыруды дамыту саласындағы басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

      30) әкімдік қаулысы негізінде коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын орындау;

      31) жалпы пайдаланудағы қала аумағын механикалық және қолмен жинау бойынша тауарлар мен қызметтердің бірліктік бағалауын әзірлеу және бекіту;

      32) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      33) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      37) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      38) Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілерді, өкімдік құжаттарды, іс-шараларды, басшылық тапсырмаларын орындау бойынша талдамалық ақпаратты, анықтамаларды, өзге де материалдарды дайындау;

      39) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      41) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      42) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 қаулысымен.

      43) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2017 № 367-727 қаулысымен.

      17. Құқықтары мен міндеттері:

      1) кәсіпорындардан, ұйымдардан және мекемелерден Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;

      2) инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымдағы нормаларды, ережелерді, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзған лауазымды, заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті мемлекеттік органдарға өтініш білдіру;

      3) шағым жазу, талап-арыз қою, соттарда арызданушы және жауапкер ретінде әрекет ету;

      4) сыртқы экономикалық байланысты жүзеге асыру;

      5) ведомствоға бағынысты ұйымдардың қызметін басқаруды жүзеге асыру;

      6) әкімдіктің қатысуымен заңды тұлғаларды құру, қайта құру, сондай-ақ тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізу;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыру;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      9) Әкімдікке және Астана қаласының мәслихатына және өзге де мемлекеттік органдарға Басқарма жұмысын жақсарту бойынша бағдарламалар мен ұсыныстарды әзірлеу және енгізу;

      10) Басқарма жұмысының тиісті бағыттары бойынша мәселелерді талқылауда әкімдіктің жиналыстары мен отырыстарына қатысу;

      11) апатты жағдайлардың салдарларын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;

      12) Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруға қажетті өзге де іс-әрекеттерді орындау.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      19. Басқарма басшысы әкімнің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      20. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Басқарма басшысының өкілеттігі:

      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) өз құзыреті аясында Басқарма қызметкерлері орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

      5) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      6) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Басқарма мүддесін білдіреді;

      7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жеке жауапкершілікте болады;

      8) Басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттері үшін дербес жауапты болады;

      9) өзінің құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Басқарма басшысы өз орынбасарларының өкілеттіліктерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың коммуналдық меншігіне жататын жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.

      Басқарманың мүлігі меншік иесімүлігі, сондай-ақ қызметінің және Қазақстан Республикасының заңнамасымен рұқсат етілген өзге көздер нәтижесінде пайда болған мүлік есебінен қалыптасады.

      24. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және қысқарту

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және қысқарту Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Басқармаға қарасты ұйымдар тізімі

      Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 26.10.2015 № 09-1902 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2017 № 367-727 қаулысымен.
      1) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 28.04.2017 № 367-727 қаулысымен.

      2) Астана қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Астана су арнасы" коммуналдық кәсіпорны;

      3) "Астана Тазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;

      4) Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 28.04.2017 № 367-727 қаулысымен.

      5) "Арнайы қызмет көрсету бюросы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады