"Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 26 қазандағы № 09-1902 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 20 қарашада № 970 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 ақпандағы № 06-400 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.02.2018 № 06-400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қазандағы № 09-1732 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 3 қарашада № 848 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 қарашадағы № 126 (3181) "Астана ақшамы", 2014 жылғы 6 қарашадағы № 125 (3201) "Вечерняя Астана" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      14-тармақтағы "жалпыға бірдей әскери міндеттерді орындау аясында іс-шаралар өткізу, Астана қаласын аумақтық қорғауға дайындық, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру" деген сөздер алынып тасталсын;

      15-тармақтың 10), 11) тармақшалары алынып тасталсын;

      16-тармақтың 32), 33), 34), 35), 36), 37), 39), 40), 41), 42), 43), 44) тармақшалары алынып тасталсын;

      "Басқармаға қарасты ұйымдар тізімі" деген бөлімде:

      1) тармақшадағы "Астана қаласы әкімдігінің "Астана қаласы аймақтық қорғау бригадасының басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі" деген сөздер "Тұрмыс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Кулагин Павел Сергеевичке осы қаулыны, әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Айтмұхаметовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Астана қаласының әкімі

Ә. Жақсыбеков


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады