"Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 желтоқсанда № 868 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 09.09.2015 № 10-1568 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін (әрі қарай - Басқарма).
      2. Басқарма басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Астана қаласы әкімдігінің 
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 114-2213 қаулысына  
қосымша          

«Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Астана қаласының әкімі (бұдан әрі – Әкім) анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және жүргізу саласында іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган болып табылады.
      2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
      3. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық–құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар жазылған мөрі мен мөртаңбалары белгіленген үлгідегі банкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Басқарма азаматтық–құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      Басқарманың құрылтайшысы Әкімдік болып табылады.
      5. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Басқарма басшысының бұйрығымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен штат саны шегінде Әкімдік белгілейді.
      7. Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Бейбітшілік көшесі, № 11.
      8. Басқарманың толық атауы: «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алулар жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
      9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      10. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Егер Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
      11. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері, құқықтары мен міндеттері

      Ескерту. 2-бөлім жаңа редакцияда - Астана қаласы әкімдігінің 25.02.2015 № 114-288 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Басқарманың миссиясы Әкім анықтайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыру және өткізу, Астана қаласының әкімдігі (бұдан әрі – Әкімдік) бойынша мемлекеттік сатып алулардың жүргізу тәртібіне мониторинг жүргізуге, Астана қаласының коммуналдық меншігін мүліктік жалдауға (жалға беруге), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруына тапсыруға, сондай-ақ Әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өтеусіз пайдалануына тапсыруға жататын объектілерді беруге бағытталады.
      13. Басқарманың міндеттері:
      1) Әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету;
      2) Астана қаласының коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға беруге), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға тапсыру;
      3) Әкімдік бойынша мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсіміне мониторинг жүргізу.
      4) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізуді қамтамасыз ету.
      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 06.05.2015 № 114-683 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      14. Басқарманың функциялары:
      1) Әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізуді жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырыс берушімен ұсынылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге арналған тапсырмасын қарастыру;
      3) тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлеу және бекіту;
      4) құрамына тапсырыс берушінің өкілдері кіретін конкурстық немесе аукциондық комиссия айқындау және бекіту;
      5) конкурстық немесе аукциондық құжаттамаға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу;
      6) мемлекеттік сатып алулардың веб-порталында мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды орналастыру;
      7) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы және (немесе) конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың техникалық ерекшелігін алған тұлғаларды тіркеу журналына өздері туралы мәліметтер енгізілген, мемлекеттік сатып алу веб-порталында автоматты түрде тіркелген тұлғалардың ұсыныстары мен ескертулерін тапсырыс берушіге жіберу;
      8) конкурс немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алудың жеңімпазын айқындау;
      9) мемлекеттік сатып алудың әлеуетті өнім берушілерін жосықсыз қатысушылар деп тану туралы, сондай-ақ Астана қаласының коммуналдық мүлкін жалдау, сенімгерлік басқару және өтеусіз пайдалану мәселелері бойынша сотта Басқарманың мүдделеріне өкілдік ету;
      10) конкурстық және аукциондық құжаттамалар ережелерін түсіндіру;
      11) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
      12) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелер өткізетін мемлекеттік сатып алу рәсімдеріне мониторинг;
      13) тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуын өткізу кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің конкурстық комиссиясының жұмысына Басқарма өкілінің қатысуы;
      14) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелердің өткізген мемлекеттік сатып алулар бойынша ақпаратты жинау және статистикалық есепті жинақтау;
      15) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелер өткізетін мемлекеттік сатып алулар шарттары бойынша өнім берушілердің шарттық міндеттерін орындауын талдау;
      16) өз құзыреті шегінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерге мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес беру;
      17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар және мекемелермен мемлекеттік сатып алу жоспарларын орындауын талдау;
      18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес, Астана қаласының коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару және қаланың коммуналдық мүлкін жалдау (жалға беру) жөнінде жалға берушінің қызметін жүзеге асыру;
      19) қаланың коммуналдық меншігіндегі және мүліктік жалдауға (жалға беруге), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға, сонымен қатар Әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің өтеусіз пайдалануына тапсыруға жататын объектілер туралы мәліметтер жинау;
      20) Астана қаласының коммуналдық мүлкін жеке және заңды тұлғаларға, кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз), мүліктік жалдау (жалға беру), сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлерді өткізу;
      21) Астана қаласының коммуналдық мүлкін жеке және заңды тұлғаларға, кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз), мүліктік жалдауға (жалға беруге), сенімгерлік басқаруға беру бойынша шарттарды және келісімдерді жасау;
      22) Астана қаласының коммуналдық мүлкін Әкімдікке ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге өтеусіз пайдалануға беру бойынша шарттар мен келісімдер жасау;
      23) Астана қаласының коммуналдық мүлкін жалдау (жалға беру) және сенімгерлік басқару шарттары бойынша Астана қаласының бюджетіне ақшалай қаражаттардың уақтылы түсуіне мониторинг жүргізу;
      24) жалдау (жалға беру) және сенімгерлік басқару шарттарының талаптарын жалға алушылармен және сенімгерлік басқарушылармен орындалуын бақылау және мониторингін жүргізуді, объектілерге шығуды және Астана қаласының коммуналдық мүлкінің алаңдарына өлшеу жүргізуді ұйымдастыруды қоса алғанда;
      25) қаланың коммуналдық мүлкін жалдауға (жалға беруге), кейіннен сатып алу құқығымен (құқығынсыз) жеке және заңды тұлғаларға сенімгерлік басқаруға берілген коммуналдық мүлкінің объектілері, сондай-ақ Әкімдіктің мемлекеттік кәсіпорындары мен мекемелеріне өтеусіз пайдалануға берілген объектілер бойынша жүйелі есебін жүргізу;
      26) Астана қаласының коммуналдық мүлкі объектілерін сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлік комиссияда жұмыс органы болу;
      27) жалға беру және сенімгерлік басқару мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органның нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысу;
      28) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
      29) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 06.05.2015 № 114-683 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      15. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:
      1) Әкімдікке қаланың даму мақсаттарын, басымдылықтарын және стратегиясын анықтау жөніндегі ұсыныстар енгізу;
      2) өз құзыретінің шегінде бұйрықтарды әзірлеу және қабылдау;
      3) шетелдердің жұмыс тәжірибесін іс-жүзінде пайдалану жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
      4) Әкім айқындайтын бюджеттік бағдарламалар немесе тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін қажетті ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары туралы, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің техникалық ерекшеліктерін, жобалау-сметалық құжаттамасын, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын, тартылған сарапшылар немесе сараптау комиссиясының, сондай-ақ өзге де қосымша ақпаратты сұрату;
      5) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері және Әкімдікке ведомстволық бағынысты кәсіпорындар мен мекемелерден, жоспарларды, есептілікті, шарттарды, төлемдер туралы сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша басқа да мәліметті қоса алғанда, мемлекеттік сатып алу мониторингін өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату;
      6) коммуналдық мүліктің теңгерім ұстаушысынан артық және пайдаланылмайтын Астана қаласының коммуналдық меншік объектілерінің мүлкін мүліктік жалдауға (жалға беруге) кейіннен тапсыру туралы және берілген объектілердің кейінгі шығуын және өлшемін жүзеге асыру құқығымен ақпаратты сұрату;
      7) шағым жасауға, талап-арыз жазу, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету.
      8) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 06.05.2015 № 114-683 (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      16. Басқарма басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын орындауға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      17. Басқарманың басшысын Астана қаласының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      18. Басқарма басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      19. Басқарма басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін айқындайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымына тағайындайды және лауазымынан босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарманың қызметкерлерін көтермелеу және марапаттау мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
      4) Өз құзыреті шегінде Басқарма қызметкерлері үшін орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;
      5) Басқарманың бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Басқарма мүддесін ұсынады;
      7) Басқарма жұмысының регламентін бекітеді;
      8) оның құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
      9) Басқарма қызметін қамтамасыз етуге қатысты құжаттарға Басқарма басшысының бірінші қол қою құқығы бар;
      10) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жасау жөнінде шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады.
      Басқарма Басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін Басқарманың қызметін үйлестіретін, оған басшы жүктеген өзге де міндеттерді орындайтын орынбасарларының бірі атқарады.
      20. Басшы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      21. Басқарманың мүлкі коммуналдық меншікке жатады және ол оған жедел басқару құқығында тиесілі.
      Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. Басқарма бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Басқарма, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастырған немесе таратқан жағдайда мүлікті қайта бөлу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады