"Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 114-683 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылы 4 маусымда № 913 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қыркүйектегі № 10-1568 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 09.09.2015 № 10-1568 (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңдарына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» Мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 114-2213 қаулысына (2014 жылғы 31 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 868 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (3206) «Астана ақшамы», 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 1 (3224) «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереженің 2-бөлімінде:
      13-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      «4) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізуді қамтамасыз ету.»;
      14-тармақ мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
      «29) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу.»;
      15-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
      «8) жер сауда-саттығын (конкурстарын, аукциондарын) өткізу үшін қажетті ақпаратты сұрату.»;
      2. «Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.И. Лукинге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады