РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Д.З.Әділбековке жүктелсін.
4. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің міндетін атқарушы |
Р.Әкімов |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № а-5/202 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 06.04.2015 № А-4/142 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі Ақмола облысының аумағындағы балалардың білім және құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің осы ережесінің қосымшасында көрсетілген ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бар.
3. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мекенжайы: индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1.
10. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшылық құжаты болып табылады.
12. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті (облыстық) бюджеттен жүзеге асырылады.
13. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
14. Миссиясы: Ақмола облысының аумағындағы білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады.15. Негізгі міндеттері:
1) ұлттық және жалпы адами құндылықтарының, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алуға қажетті жағдай жасау;
2) оқушылардың кәсіби уәждемесін қамтамасыз ету;
3) мектепке дейінгі тәрбие, оқыту және мектепте білім беруде сапалы қызмет көрсетуді арттыру;
4) педагогикалық кадрлардың кәсіби шеберліктерін және мұғалім мамандығының беделін арттыру;
5) оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруда және шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету;
6) техникалық және кәсіби білім берудің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
7) даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алу кезеңінде білім беру қызметтеріне қолжетімдік жағдайларын жақсарту;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балалардың барлық санаттарының құқықтарын жүзеге асыруға байланысты кешенді шараларды іске асыруда ведомство аралық серіктестікті жергілікті деңгейде үйлестіру;
9) әлеуметтік жетімдіктің, балаларға қатысты зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балаларға көмек көрсету, балалардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға жәрдемдесу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде тәрбиеленушілерді отбасылық орналастыруға итермелеу;
10) балалардың құқықтары туралы тұжырымдаманың ережелерін, адамгершілік-рухани тәрбие бағдарламаларды іске асыру мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын және рухани өсуін талдау және болжау, аймақтағы балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу.
16. Функциялары:
1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді қамтамасыз етеді;
2) балаларды арнайы оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
3) дарынды балаларды мамандандырылған білім беру ұйымдарында оқытуды қамтамасыз етеді;
4) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді және негізгі орта, жалпы білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын солармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады және олардың пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебін құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныс енгізеді;
6) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады;
7) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастырады;
8) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
9) мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы ұстауға бөлінетін бюджет қаражатының кемінде бір пайызы мөлшерінде қаржылай және материалдық көмек көрсетуге қаражат жұмсайды;
10) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;
11) облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етеді;
12) балаларға облыстық деңгейде жүзеге асырылатын қосымша білім беруді қамтамасыз етеді;
13) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрларын қайта даярлауды және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
14) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;
15) дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді қамтамасыз етеді;
16) жетім балаларды, ата-анаcының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады;
18) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде бітірген адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді;
19) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;
20) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы мәслихатқа ұсыныс енгізеді;
21) білім беру мониторингін жүзеге асырады;
22) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
23) қамқоршылық кеңестерге жәрдем көрсетеді;
24) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін ұйымдастырады;
25) конкурс жеңімпаздарына – мемлекеттік орта білім беру мекемелеріне "Орта білім беретін үздік ұйым" грантын төлейді;
26) мамандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат береді;
27) облыстық деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етеді;
28) орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеуді ұйымдастырады және бекітеді;
29) білім беру ұйымдарының ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
30) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
31) Ақмола облысының әкімдігімен кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жеке құрамын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін ұсыныстарды дайындауды жүзеге асырады және оның жұмысын ұйымдастырады;
32) қиын өмірлік жағдайға тап болған кәмелетке толмағандардың және тұрмысы қолайсыз отбасылардың өңірлік есебін жүргізеді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 23.12.2015 № А-12/592 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
17. Құқықтары және міндеттемелері:
1) "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құзіретіне енетін жеке тұлғалардың мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұратады және алады;
2) ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстарды енгізеді;
3) өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтар.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
18. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.19. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ақмола облысы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
20. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқарма қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдарда "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұсынады;
3) "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтық актілеріне қол қояды;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
5) "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметшілерінің, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдар басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қолданады және оған жеке жауап береді;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны ауыстыратын тұлға атқарады.
22. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
23. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жайдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін."Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ, өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық мүлікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз еркімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады."Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеге қосымша |
Ақмола облысы білім басқармасының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі
1. Ақмола облысы білім басқармасының "Ақкөл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;2. Ақмола облысы білім басқармасының "Есіл қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
3. Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауылы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 3 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
4. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 4 балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
5. Ақмола облысы білім басқармасының "Аққөл ауданы, Урюпинка ауылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 құрамдастырылған балалар үйі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
6. Ақмола облысы білім басқармасының "Щучинск қаласы, балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
7. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 1 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
8. Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар қаласы ақыл-ой бұзушылықтары мен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 2 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
9. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы ақыл-ой бұзушылықтарымен психикалық дамуы кеш балаларға арналған № 3 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
10. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, есту және тіл кемістігі бар балаларға арналған № 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
11. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы дарынды балаларға арналған № 1 облыстық мамандандырылған "Қазақ-түрік лицейі" мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
12. Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы дарынды балаларға арналған № 2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
13. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
14. Ақмола облысы білім басқармасының "Cтепногорск қаласы дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп– интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
15. Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
16. "Атбасар қаласы, № 1 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
17. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, № 2 ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
18. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, ауданаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
19. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 сервистік-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
20. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, № 2 индустриалдық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
21. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, Красный Яр селосы № 3 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
22. Ақмола облысы білім басқармасының "Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, туризм және сервис индустриясы колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
23. Ақмола облысы білім басқармасының "Есіл ауданы, Есіл қаласы № 7 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
24. Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 1 индустриалдық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
25. Ақмола облысы білім басқармасының "Ақкөл ауданы, Ақкөл селосы № 10 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
26. Ақмола облысы білім басқармасының "Көкшетау қаласы, № 1 құрылыс-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
27. Ақмола облысы білім басқармасының "Сандықтау ауданы, Каменка селосы № 2 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
28. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, № 2 құрылыс-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
29. Ақмола облысы білім басқармасының "Аршалы ауданы, Аршалы ауылы № 4 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
30. Ақмола облысы білім басқармасының "Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылы № 5 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
31. Ақмола облысы білім басқармасының "Астрахан ауданы, Астраханка селосы № 6 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
32. Ақмола облысы білім басқармасының "Атбасар ауданы, Атбасар қаласы № 11 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
33. Ақмола облысы білім басқармасының "Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы № 8 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
34. Ақмола облысы білім басқармасының "Целиноград ауданы, Новоишимка селосы, № 9 агротехникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
35. Ақмола облысы білім басқармасының "Жұлдыз" санаторлық типтегі облыстық орта мектеп интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
36. Ақмола облысы білім басқармасының "Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
37. Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола аймақтық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
38. Ақмола облысы білім басқармасының "Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
39. Ақмола облысы білім басқармасының "Степногорск қаласы, облыстық "Жастар" жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімделу орталығы)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Ақмола облысы білім басқармасының қарамағындағы мемлекеттік кәсіпорындардың
тізбесі
1. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Зеренді ауданы, Шағалалы ауылындағы, Агробизнес колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;2. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Ақан сері атындағы мәдениет колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
3. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) Ж.Мусин атындағы педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
4. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылы, ауыл шаруашылық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
5. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучье қаласы, экология және орман шаруашылығы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
6. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Көкшетау қаласы, Біржан сал атындағы музыкалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
7. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы "Щучье қаласы, жоғары техникалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
8. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы "Көкшетау қаласы, жоғары техникалық мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
9. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы "Степногорск қаласы тау-кен техникалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
10. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Щучье қаласы, педагогикалық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
11. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Облыстық дене тәрбиесі, спорт және алғашқы әскери дайындық оқу-әдістемелік орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
12. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі, өлкетану және экология орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
13. Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы "Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы".