Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлерін және субсидияларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № А-6/276 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 шілдеде № 4258 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 мамырдағы № А-6/227 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 25.05.2015 № А-6/227 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Тыңайтқыштардың құнын (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысына сәйкес, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Белгіленсін:
      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары;
      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ.Әкімовке жүктелсін.
      3. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                  А.Мамытбеков

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ А-6/276 қаулысына 
1-қосымша     

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және отандық өндірушілер сатқан тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары

Рет №

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері

Өлшем  бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке субсидиялар нормасы, теңге

1

Аммофос (N-10 %: P2О5-46 %)

тонна

50

45 000

2

Аммиак селитрасы (N-34,4 %)

тонна

50

28 900

3

«Б» маркалы «МЭРС» микротыңайтқышы

литр

50

6 000

4

Хлорлы калий (К2О-42 %; KCL-65 %)

тонна

50

48 000

5

Супрефос-NS (N-12 %-P2О5-24 %)+(Ca; Mg;S О3)

тонна

50

45 000

6

«Б» маркалы қарапайым суперфосфат (Р-15 %; К2О-2 %)

тонна

50

21 281

7

Түйіршіктелген күкіртқышқыл калий (калий сульфаты К2О-50 %)

тонна

50

105 000

8

Фосфорит ұны (P2О5-17 %)

тонна

50

8 210

Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 30 маусымдағы
№ А-6/276 қаулысына 
2-қосымша      

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері және тыңайтқыштар жеткізушіден және (немесе) шетелдік тыңайтқыш өндірушілерден сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограммына) субсидиялар нормалары

Рет №

Субсидияланатын тыңайтқыш түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірліктің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке субсидиялар нормасы, теңге

1

Нитроаммофоска (N-15 %: P2О5-15 %: К2О-15 %) (Ресей Федерациясы)

тонна

30

30 000

2

Аммофос (N-10 %: P2О5-46 %) (Өзбекстан)

тонна

30

30 900

3

Аммиак селитрасы (N-34,4 %) (Өзбекстан)

тонна

30

17 850

4

Карбамид (N-46,3 %) (Ресей Федерациясы)

тонна

30

31 800

5

Капролактамды аммоний сульфаты (N-21 %) (Өзбекстан)

тонна

30

16 200

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады