Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/422 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 қазанда № 4382 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 18-бабына сәйкес, «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы аумағында табиғи-ғылыми негіздемелерін кеңейтуді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының 2007 жылғы 17 тамыздағы № 252, «Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының аумағын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту туралы» 2008 жылғы 6 тамыздағы № 213 бұйрықтарының негізінде, облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы күзет аймағының бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес Ақмола облысындағы Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығы айналасында жалпы ауданы 34674 гектар көлемінде қорғау аймағы, оның ішінде, Қорғалжын ауданында 15344 гектар, Егіндікөл ауданында 19330 гектар шекаралары белгіленсін.
      2. «Ерекше қорғалатын табиғи аймақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында режим белгіленсін.
      3. Қоса берілген Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Р.Қ. Әкімовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

Ақмола облысы әкімдігінің   
2014 жылғы 4 қыркүйектегі № А-8/422
қаулысымен бекітілген     

Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында табиғатты пайдалану қағидалары

      1. Осы Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының қорғау аумағында табиғатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Ақмола облысында Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының (бұдан әрі – Қорық) қорғау аумағында табиғатты пайдалану тәртібін анықтау мақсатында әзірленді.
      2. Қорық күзетінің аумағында мыналар рұқсат етіледі:
      орман шаруашылығына;
      сақталуымен және дәлелсіздік биологиялық түрлілікті ұзақ уақыт бойы қамтамасыз ету шеңберінде шөп шабу мен мал жайылымы жерлерін қоса, дәстүрлі жер пайдалануға;
      туристік және рекреациялық қызметтерге;
      бальнеологиялық және климаттық ресурстарды, минералды суларды пайдалануға;
      кәсіптік және әуесқой (спорттық) балық аулау шаруашылығына;
      дала және орман өрттерін сөндіру бойынша жер және әуе жұмыстарын жүргізуге;
      бұзылған жерлерді құнарландыруға;
      ағаш және басқада өсімдік түрлерін қалпына келтіруге;
      жабайы аңдардың сандары мен өмір сүру орталарын қалпына келтіруге;
      туристердің келіп орналасулар үшін жасанды түрде көбейту, өсіру, сирек кездесетін түрлері үшін көшеттер орналастыруда жер телімдерін пайдалануға, сонымен қатар қорық жұмысшыларының тұратын қызметтік ғимараттар (кордондар) құруға, олардың құрылыстарына жер телімдерін беруге, келесілерді есептемегенде:
      қазіргі кездегі бар елді мекендерді кеңейту және жаңасын құруға;
      Қорықтың экологиялық жүйесіне кері әсерін тигізетін, жаңа технологияларды енгізуге, нысандарды жобалауға, құрылысын салу пайдалануға, орналастаруға;
      жануарлар мен өсімдіктер әлемі үшін улыхимикаттар, тыңайтқыштар мен гербицидтерді токсикалық қолданылыммен ауыл және орман шаруашылығының қарқынды түрлерін жүргізуге;
      атмосфераға және ашық су көздері мен рельефке ластаушы заттарды шығаруға және ағын суларды төгуге, қалдықтарды орналастыруға;
      пайдалы қазбаларды өндіруге;
      әуесқойлық (спорттық) және кәсіпшілік аң аулауға;
      радиоактивті материалдар мен өнеркәсіп қалдықтарын көмуге;
      ұлттық саябақ экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуге қабілетті қызметпен (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға әкеп соғатын басқа да объектілер салуға) айналысуға;
      жабайы жануарлар мен жабайы өсімдіктердің бөтен түрлерін жерсіндіруге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады