Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында режим түрін және табиғатты пайдалану тәртібін, қорғау аймағының көлемі мен шекараларын белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № А-10/556 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 4492 болып тіркелді.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 123-бабына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркін құрудың табиғи-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылық комитеті төрағасының 2010 жылғы 23 тамыздағы № 291 бұйрығының негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының бекітілген жерге орналастыру жобасына сәйкес Ақмола облысындағы "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі айналасында Ерейментау ауданында жалпы ауданы 79060,8 гектар көлемінде қорғау аймағының шекаралары белгіленсін.

      2. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына сәйкес, Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағының аумағында шаруашылық қызметінің реттелетін режимі белгіленсін.

      3. Қоса берілген Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары бекітілсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.М.Отаровқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 24 қарашадағы
№ А-10/556 қаулысымен
бекітілген

Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорғау аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары

      1. Осы Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Ережелер) Ақмола облысында "Бұйратау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі (бұдан әрі – Ұлттық паркі) күзет аймағының аумағында табиғатты пайдалану тәртібін анықтау мақсатында әзірленді.

      2. Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарында:

      1) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) пайдалы қазбалар өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 16.10.2017 № А-10/469 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемикалық, сирек кездесетін және жойылып бара жатқан түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      Ескерту. Ереже 3-тармақпен толықтырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 16.10.2017 № А-10/469 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады