Ақмола облысының Көкшетау қаласында көшелерді қайта атау туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № А-11/600 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 5С-32-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 4600 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына және Республикалық ономастика комиссиясының 2014 жылғы 4 қыркүйектегі қорытындысының негізінде Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының Көкшетау қаласында Северная көшесі Сәкен Жүнісов көшесі деп, Красная көшесі Әлімжан Баймұқанов көшесі деп қайта аталсын.
      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі                     С.Кулагин

      Ақмола облыстық
      мәслихаты сессиясының
      төрағасы                                   Т.Болатов

      Ақмола облыстық
      мәслихатының хатшысы                       Н.Дьячек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады