"Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 8 желтоқсандағы № 575 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 қаңтарда № 10076 тіркелді

      Әскери қызметшілерді зейнетақымен қамсыздандыру жұмысын жетілдіру және реттеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 мамырдағы № 218 бұйрығына (2014 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 9527 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      бұйрықтың преамбуласы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықтың  1-тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Осы Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру қағидаларының 5-тармағына сәйкес құрастырылған»;
      Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 4-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 6-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жазылсын;
      Әскери қызметшілерге зейнетақы төлемдерін тағайындау және оларды жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа 10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Зейнетақымен қамсыздандыру орталығының бастығы:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;
      2) мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;
      3) ресми жарияланғаннан кейін бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің веб-сайтына орналастырсын.
      3. Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.
      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
      5. Бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қорғаныс министрі                          И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің 
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 575 бұйрығына   
1-қосымша       

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
4-қосымша         

                                                                Нысан

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
КУӘЛІК № 000000 атағы


Тегі ___________________
Аты ____________________
Әкесінің
аты ____________________
Орталық
бастығы ________________

МИНИСТЕРСТВО ОБОРОНЫ
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ УДОСТОВЕРЕНИЕ № 000000 Воинское звание

Фамилия ________________
Имя ____________________
Отчество _______________
Вид пенсии (дата назначения) ____________

Дата выдачи « » 20 г.

Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің  
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 575 бұйрығына   
2-қосымша       

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
6-қосымша         

                                                                Нысан

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі зейнеткерінің куәлігін беру ведомосы

Р/с №

Куәлік №

Қосымша парақ зейнетақы түрі

Кімге берілді

Зейнеткерлік істің №

Берілген күні

Зейнеткердің қолы








Қазақстан Республикасы 
Қорғаныс министрінің  
2014 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 575 бұйрығына   
3-қосымша       

Әскери қызметшілерге зейнетақы
төлемдерін тағайындау және оларды
жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулыққа
10-қосымша         

                                                                Нысан

20 ж. дейін сақталсын                                         _______
№ тармақ
Мүк. № _______

ҚР ҚМ Зейнетақымен қамсыздандыру орталығы Еңбек сіңірген жылдарын есептеу үшін келіп түскен жеке
істерді есепке алу кітабы
 
 
 

20__ж."___"_____________________басталды
20__ж."___"_____________________аяқталды

_______парақта

Реттік нөмірі

Іс қайдан келіп түсті

Істің келіп түскен күні

Әскери атағы

























































































































































































































































































































Тегі, әкесінің аты

Іс қайдан жолданды

Жіберілген күні

Орындаған

Ескертпе







































































































































































































































































































































































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады