Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 маусымдағы № А-6/1161 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 4301 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № А-4/878 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Көкшетау қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № А-4/878 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 18 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесі негізінде, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Көкшетау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № А-3/505 "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4091 болып тіркелген, 2014 жылдың 24 сәуірінде "Степной маяк" және "Көкшетау" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген "Көкшетау қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ережесінің:
      2 тарауының 16 тармағының 13) тармақшасы келесі мазмұндағы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "13) Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың мемлекеттік тіркеуде бары не жоғы туралы анықтама беру;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Омароваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Қала әкімі Ж.Нұрғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады