Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 5С-34/8 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4620 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 7С-6/3 шешімімен.

            Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 12.08.2021 № 7С-6/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса берілген Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат


сессиясының төрағасы

А.Смагин

Қалалық мәслихаттың


хатшысы

Ғ.Көпеева

КЕЛІСІЛДІ


Степногорск қаласының әкімі

М.Тақамбаев


  Степногорск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 5С-34/8 шешімімен
бекітілген

Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

р/р

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

1,73

2

Жайлы емес үйлер

1 тұрғын

2,23

3

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б.

1 орын

1,46

4

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,16

5

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,42

6

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері

1 қызметкер

0,45

7

Емханалар

1 адам

0,21

8

Ауруханалар

1 төсек-орын

2,32

9

Мектептер, орта арнайы оқу орындары, жоғары оқу орындары

1 оқушы

0,15

10

Мейрамханалар, дәмханалар

1 орын

1,49

11

Концерт залдары, түнгі клубтар

1 орын

0,0188

12

Стадиондар

жоба бойынша 1 орын

0,0105

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңның 1 м2

0,0191

14

Азық-түлік дүкендері

сауда алаңының 1 м2

0,46

15

Машиналардан сату

сауда орны 1 м2

0,51

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

сауда алаңының 1 м2

0,24

17

Базарлар

сауда алаңының 1 м2

0,25

18

Көтерме сауда базалары, азық-түлік тауарлардың қоймалары

жалпы алаңның 1 м2

0,20

19

Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңның 1 м2

0,06

20

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңның 1 м2

0,08

21

Дәріханалар

сауда алаңының 1 м2

0,32

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автомобильге жанармай құю станциялары, гараждар

1 машина-орын

3,96

23

Гараж кооперативтері

1 гаражға

0,34

24

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

10,26

25

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

0,74

26

Кір жуатын орындар

жалпы алаңның 1 м2

0,15

27

Моншалар, сауналар

жалпы алаңның 1 м2

0,17


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады