Ақкөл аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 "Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № С 32-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде № 4113 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 1 шілдедегі № С 48-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 01.07.2015 № С 48-9 (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл аудандық мәслихаттың «Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № С 43-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-3-163 тіркелген және 2011 жылғы 4 қарашада аудандық «Ақкөл өмірі» және «Знамя Родины КZ» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      Ақкөл ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінде:
      1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «1. Тұрғын үй көмегi – жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Ақкөл ауданының аумағында тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалған шығыстарын;
      тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi тұтынуға және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне;
      жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына;
      Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.»;
      2 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «2. Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, шама шегiндегі жұмсалған шығыстарына төленген сомасының және отбасының осы мақсаттарға жұмсалған шығыстарының шектi ұйғарымды деңгейiнің арасындағы айырмасы ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлiгiндегі байланыс қызметтерiн тұтынғаны үшін, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысына, жұмсалған шығыстары үшін отбасының бір айдағы шектi ұйғарымды деңгейiнің шығыстары, отбасының орташа айлық жиынтық кiрiсiне 10 пайыз көлемiнде белгiленедi.
      Тұрғын үйдi күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтынуға жұмсалған төлемақысы белгiленген шамадан артық болғанда, жалпыға бiрдей негізде жүргізіледі.»;
      6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «6. Тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі өтінішті үй иесі, үйді жалға алушы (қосымша жалдаушысы) мына құжаттарды қоса тапсырады:
      1) өтініш берген азаматтың жеке куәлік құжатының көшірмесі;
      2) тұрғын үйге құқығы барын растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын селолық және немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      4) отбасының өткен тоқсандағы табысын растайтын құжаттары;
      5) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған келісім шарттың көшірмесі (қалалық телекоммуникация желісінің абонентіне);
      6) өткен тоқсандағы коммуналдық қызметтері үшін төлем шоттары (түбіртектер), ал орталық жылу болған жағдайда ағымдағы жылу беру мерзіміне жылу беру бойынша қызметтерді ұсыну туралы келісім шарттың көшірмесі;
      7) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге (кондоминиум объектiнің жалпы мүлкінің күрделі жөндегені үшін өтемақыны алуға құқығы бар отбасыларға) арналған мақсатты жарнаның көлемi туралы шоты;
      8) жергiлiктi атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келiсiлген, пәтерлердiң меншiк иелерi мен жалдаушыларының (қосымша жалдаушылардың) жалпы жиналысында бекiтiлген кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеудiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге арналған шығыстар сметасы негiзiнде кондоминиум объектiсiн басқару органы ұсынатын және мөрмен, кондиминиум объектiсiн басқару органы басшының қолымен расталған кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшерi туралы шоты;
      9) тұрғын үйді қолданғаны үшін жергілікті атқарушы органы ұсынатын жалгерлік төлемақының көлемі туралы шоты;
      Құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады. Жауапты тұлға құжаттарды қабылдаған сәтте ұсынылған көшірмелерді құжаттардың түпнұсқасымен салыстырады және салыстыруды өткізгеннен соң түпнұсқаларды қайтарады.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Ө.Бертілеуов

      Ақкөл аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Қ.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады