Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № С 41-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 5 желтоқсанда № 4495 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 наурыздағы № С 10-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 28.03.2017 № С 10-3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңдарына сәйкес, Ақкөл ауданы мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі белгіленсін:
      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары, ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық–медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеу тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшері белгіленсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ақкөл аудандық мәслихаты
сессиясының төрағасы
Т.Исенов
      Ақкөл аудандық мәслихаттың
хатшысының м.а.
А.Тимошин

      КЕЛІСІЛДІ
      Ақкөл ауданы әкімінің
міндетін атқарушы
В.В.Елисеев

      2014 жылғы 14 қараша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады