Ақкөл қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № А-12/528 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4624 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № А-5/124 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімдігінің 04.05.2020 № А-5/124 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19 бабының 2 тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № С-41-8 "Ақкөл қаласы маршруттарындағы тұрақты қалалық жолаушылар тасымалдарының тарифтерімен келісу туралы" шешімі негізінде, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақкөл қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф белгіленсін:

      ересектерге - 70 (жетпіс) теңге мөлшерінде;

      7 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға - 35 (отыз бес) теңге мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары В.В. Елисеевке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі

Т. Едігенов



КЕЛІСІЛДІ:


Ақкөл аудандық


мәслихаттың хатшысы

Ж.Т. Салыбекова



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады