2014 жылға Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № А-39 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 ақпанда № 4011 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Аршалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Аршалы ауданындағы халықтың мақсатты топтарына жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (үш ай және одан артық);
      2) 21 жастан 29 жасқа дейінгі жастар;
      3) маусымдық және уақытша жұмыстардың мерзімінің аяқталуына байланысты босатылған тұлғалар;
      4) техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарын бітіруші түлектер санатындағы жастар;
      5) адам ағзасындағы қорғаныс қабілеті жетіспейтін және қорғаныс қабілетінің төмендеуі салдарының қоздырғышын жұқтырғандар;
      6) әлеуметтік-психологиялық оңалту курсынан өткен есірткіге тәуелді тұлғалар;
      7) 50 жастан артық тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Аршалы ауданы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
      3. Аршалы ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аршалы ауданының әкімі                     Қ.Қарауылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады