Атбасар аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/4 "2014 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С 28/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 қарашада № 4452 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Атбасар аудандық мәслихатының 26.01.2015 № 18 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18 бабының 8 тармағына, «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 қаулысына сәйкес, Атбасар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Атбасар аудандық мәслихатының «2014 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 5С 21/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3977 тіркелген, 2014 жылғы 31 қаңтардағы «Атбасар», «Простор» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2014 жылға арналған Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы»;
      1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «1. Атбасар ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарына 2014 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Қамбатыров А.Т.

      Атбасар аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Борұмбаев Б.А.

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Атбасар ауданының әкімі                    А.Никишов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады