"Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 5С-16/5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 5С-26/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда № 4175 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 2015 жылғы 20 ақпандағы № 5С-35/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 20.02.2015 № 5С-35/2 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» Бұланды аудандық мәслихатының 2013 жылғы 26 сәуірдегі № 5С-16/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3753 тіркелген, 2013 жылғы 7 маусымда «Бұланды таңы» газетінде және 2013 жылғы 7 маусымда «Вести Бұланды жаршысы» газетінде жарияланған) шешіміне өзгерістер енгізілсін:
      Бұланды ауданында тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Аз қамтамасыз етілген отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Тұрғын үйдін жал кұнының өсуіне байланысты коммуналдық қызметтерді тұтынуға ақы төлеуге шығуы мүмкін шығын үлесінің шегі-егер отбасының жиынтық табысының 11 (он бір) пайыз мөлшерінде белгіленеді.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдің (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен, Бұланды ауданында тұрғылықты тұратын тұлғаларға көрсетіледі.»;
      10-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
      10-тармақтың 9) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      26-сессияның төрағасы                      А.Алдабергенов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ш.Құсайынов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Бұланды ауданының әкімі                    М.Балпан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады