Ерейментау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 "Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-24/6-14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде 4099 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 3 наурыздағы № 5С-35/2-15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 03.03.2015 № 5С-35/2-15 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау аудандық мәслихатының «Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 5С-5/6-12 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-9-196 болып тіркелген, «Ереймен» аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында, «Ерейментау» аудандық газетінде 2012 жылдың 26 мамырында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында аз қамтылған отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      1 тармақтың алтыншы абзацы алынып тасталсын;
      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2. Тұрғын үй көмегi аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстар төлемдерi, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерi үшiн, тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысын төлеу, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде) ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
      Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға отбасының (азаматтардың) бір тоқсанда тұтыну төлемiнiң шектi шығын үлесi, алдыңғы тоқсанда тұрғын үй көмегiне өтiнiш берiлiп, жалпы табысының 15 % шамасында белгiленедi.»;
      6 тармақтың төртінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
      «2) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;»;
      6 тармақтың он үшінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      төрағасы                                   Е.Дүйсен

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    Қ.Махметов

      КЕЛІСІЛДІ

      Ерейментау ауданының әкімі                 Т.Мұханбеджанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады