Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімінің 29.11.2018 № 10 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық заңының 23 бабының 1 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 33 бабының 2 тармағына сәйкес, Ерейментау ауданының әкiмi ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Сайлау учаскелерін құру туралы" Ерейментау ауданы әкімінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4168 тіркелген, 2014 жылы 24 мамырда "Ерейментау", "Ереймен" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
Шешімнің қосымшасында орыс тілінде "ауыл Аксуат" сөздері "село Аксуат" сөздеріне өзгертілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі |
Е.Нұғыманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ерейментау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы |
М.Әдрешев |