"Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № а-12/646 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4539 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының Үлгілік ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б.Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ а-12/646 қаулысымен
бекітілді

"Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын, Ерейментау ауданының тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары:
      Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Жылусервис" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ерейментау Су Арнасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
      3. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өзінің атауымен мөрі және мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      5. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады.
      6. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құзыреттігі шегінде заңнамаға, сонымен қатар осы Ережеге сәйкес мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапынан қатысуға құқығы бар.
      7. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрығымен және басқа да актілермен ресімделетін, өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен шешімдер мен өкімдерді қабылдайды.
      8. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес аудан әкімдігімен бекітіледі.
      9. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан мекенжайы: индексі 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 121.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен, жүзеге асырылады.
      13. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын, міндеттерді орындау тұрғысында "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: құрылыс, тұрғын үй қатынастары, коммуникация, аудандық маңыздағы жолдар, аудан ішлік қоғамдық жолаушылар тасымалы саласында мемлекеттік саясатты жүргізуді, аудан аумағында тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету.
      15. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) қаланың тіршілік қызметін инженерлік қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуін және дамытуды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      2) бюджеттік саланың мекемелері мен тұрғындар алатын коммуналдық қызметтер сапасының деңгейін тұрақтандыру және одан әрі өсіру мәселелерінде коммуналдық саладағы кәсіпорындармен өзара әрекет ету;
      3) ауданда қолайлы қоршаған ортаны құру және қолдау бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу және көгалдандырудың, санитарлық жағдайының, көріктендірудің қажетті деңгейін қамтамасыз ету;
      4) аудан аумағындағы тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша кондоминиумдар объектілерін басқару органдарының қызметін бақылау;
      5) заңнамамен белгіленген құзыреті шегінде аудан аумағында мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;
      6) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті пайдалану бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
      7) бекітілген бас жоспарларын (қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын, жоспарлау жобаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жоспарларын іске асыру;
      8) құрылыс, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту (қайта жоспарлау, қайта жабдықтар, қайта бейімдеу) реконструкциялау, қалпына келтіру және құрылысты күрделі жөндеу, ғимараттар, инженерлік және көлік коммуникациялар туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау жөнінде және абаттандыру, көгалдандыру, құрылысты (объектілерді) консервациялау, объектілерді кәдеге жарату бойынша жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      9) қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және аудан құрылысын іске асыру;
      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      11) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілігін айқындау;
      12) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге арналған, тұрғын үй қызметінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      13) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
      16. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) көрсетілетін коммуналдық қызметтер деңгейін жоғарылатуға ықпал ету;
      2) сумен қамту, тазарту, дренажды жүйелер, канализация, жылу, электр желілері объектілерін және басқа тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен көріктендіру объектілерін салуды, қайта жаңартуды және жөндеуді ұйымдастыру;
      3) қалалық автомобиль жолдарын салу, қайта жаңарту, жөндеу және күтіп ұстау, қала аумағының санитарлық жағдайын күтіп ұстау, жерлеу орындарын күтіп ұстау және туысы жоқтарды жерлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) көше жарықтандыру желілерін күтіп ұстау және жарықтандыру, қала аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      5) нормативтік-құқықтық актілермен ұсынылған өкілеттер шегінде коммуналдық қызметтер саласында баға (тарифтік) саясатын қалыптастыруға қатысу;
      6) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін, қала жолдарын, көріктендіру объектілерін салу, қайта жаңарту және күрделі жөндеу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу және оның орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
      7) тұрғын ғимараттарын күтіп ұстау мәселелері бойынша меншік пәтер иелері кооперативтеріне және үй-жай иелеріне құқықтық және ұйымдастырушылық көмек көрсету;
      8) үй жайлар иелерінің кооперативтерін құруға жан-жақты көмек көрсету және тұрғын ғимараттары мен инженерлік жабдықтарды күтіп ұстау бойынша кондоминиумдарды және меншік пәтер иелері кооперативтерін қолдау мәселелерінде өзара әрекет ету;
      9) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін күтіп ұстау және жөндеудің ұйымдастырушылық нысанын енгізу бойынша іс-тәжірибелерді жалпылап, ұсыныстарды әзірлеу;
      10) Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау және жекешелендіру шарттарын жасасу, қажет болған жағдайларда жалдаушы мен оның отбасы мүшелерінің мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп тану туралы шаралар қабылдау;
      11) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру кезінде жалғыз үйі авариялық деп танылған азаматтарға Тозған тұрғын үйлерді жөндеу, бұзу және апаттық мемлекеттік тұрғын үйлерден азаматтарды көшіру бағдарламасына енгізілген тұрғын үйге тиісті анықтаманы беру;
      12) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;
      13) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке алуды, сақтауды және бөлуді қамтамасыз ету;
      14) иесіз, қараусыз қалған жылжымайтын тұрғын үй мүліктерін анықтап, одан әрі оны қаланың коммуналдық меншігіне тапсыру;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жеке санаттағы азаматтарға тұрғын үй беру бойынша қала әкімдігі шешімдерінің жобаларын және ұсыныстарды дайындау;
      16) апаттық және тозған тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру;
      17) қала жолдары, көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық маңызы бар объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша мемлекеттік комиссияның жұмысына қатысу;
      18) қаланың жол-көпір шаруашылығы және көріктендіру объектілерін, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерін дамытудың мақсатты бағдарламаларын қаржылық және материалдық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қатысу;
      19) тиісті қызметтерді ұсынатын телекоммуникация мен кәсіпорындар құралдарын дамыту, кәсіпорындарда әлеуметтік-экономикалық жағдайды болжап, талдау жүргізу, ақпарат жинау;
      20) тұрғын үй комиссиясының қызметін ұйымдастыру;
      21) көлік салаларын дамыту динамикасы туралы ақпаратты талдау және нақтылығын қамтамасыз ету;
      22) көлік саласында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру;
      23) қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жол саласында бірыңғай техникалық саясатты жүргізуге, қозғалыс қауіпсіздігін жоғарылату бойынша шараларды жүзеге асыруға қатысу;
      24) жасыл желектерді кесуге актілер, жер жұмыстарын жүргізуге ордерлерді беру;
      25) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру ұйымдастыру;
      26) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізу тізбесін, кезеңін және кезектілігін анықтау;
      27) тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын кондоминиум объектісін басқару органымен ұсынылған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге шығындар сметасын келісу;
      28) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөнінде комиссияларға қатысу;
      29) төмендегілерге мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру:
      кондоминиум объектісі мен кондоминиум объектісінің маңындағы аумақта үй жайлар (пәтерлер) иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына;
      тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарында) жылу, энергия, газ және су ресурстарының жалпы үйлік есептеу құралдарының барлығына;
      кондоминиум объектісіндегі үй жайлар иелерінің ортақ мүлкі мен оның инженерлік жабдықтарының техникалық жағдайына, қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуына;
      маусымдық пайдаланымға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратын) дайындау бойынша іс-шараларды жүзеге асыруға;
      анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шешімдер және ұйғарымдарды орындауға;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстардың сапасына;
      30) тұрғын ғимараттарын, кондоминиум объектісінің маңындағы аумақты күтіп ұстау сапасын бақылау және коммуналдық қызметтерді ұсыну бойынша нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысу, сондай-ақ бақылаудағы объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйді пайдалануды жүзеге асыратын азаматтарға кеңестік көмек көрсету;
      31) мекеме құзыретінің шегінде қала әкімінің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды ғылыми сараптамаға бағыттау;
      32) құзыреті шегінде мәселелерді қарастыру кезінде барлық органдарда мемлекеттің мүддесін қорғау;
      33) аудандық коммуналдық меншік объектілері мен әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілердің құрылыстары, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;
      34) құрылыс-монтаждық жұмыстарды жобалауға, құрылысқа арналған құжаттарды дайындайды және конкурстарды өткізеді;
      35) ауданның су құбырларын, тазарту құрылыстарын, жылу мен электр желiлерiн және басқа да көлiктiк және инженерлiк инфрақұрылымдар объектiлерiнiң құрылысын ұйымдастырады;
      36) коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үй құрылысын ұйымдастырады;
      37) жергілікті бюджет, облыстық бюджеттің арнайы трансферттері есебінен салынатын объектілердің құрылысына, реконструкциялануына техникалық бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      38) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

3. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері

      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік тұрғын үй қорының мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін ұсыну және соттарда, барлық меншік нысанындағы ұйымдарда оның мүліктік құқықтарын қорғау;
      2) көріктендіру саласындағы қызметтерді жетілдіру туралы қала әкіміне және орындаушы органдарға ұсыныстар енгізу;
      3) тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру аясында:
      тексеру жүргізген уақытта қызметтік куәлікті көрсеткен кезде тексерілетін объектіге баруға;
      тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеру мәніне қатысты құжаттардың түпнұсқаларымен танысуға;
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кондоминиумға қатысушылардың ортақ мүлкіне тексеру жүргізуге;
      тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      тексеру нәтижелерінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесін бұзушылықтар туралы актілерді жасауға;
      кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау ережесін бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшін міндетті нұсқаманы шығаруға міндетті;
      4) әзірлеушісі мекеме болып табылатын, әкімнің және әкімдіктің нормативтік құқықтық актілеріне құқықтық мониторингті жүзеге асыру және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе олардың күші жойылған деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау;
      5) мемлекеттік қаражаттарды жоспарлауға және бөлуге қатысуға, жобалау-іздестіру жұмыстары, әлеуметтік-мәдени, коммуналдық мақсаттағы объектілердің құрылысына және ипотекалық несиелендіру қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысына арналған аудан бюджетін қалыптастыру кезінде ұсыныс енгізуге;
      6) құрылыстың келешекті жоспарларын әзірлеуге, құрылыс бойынша мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуге қатысуға;
      7) төтенше жағдайларды ескерту және коммуналдық меншік объектілерінің қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету бойынша органдарымен бірге әзірленген іс-шаралар барысына бақылауды жүзеге асыруға;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру және басқа да міндеттерді орындау.

4. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      18. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы жүзеге асырады.
      19. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзыретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
      2) белгіленген тәртіпте атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
      3) мекеменің құзыретіне мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды;
      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
      6) шарттар жасасады;
      7) сенімхаттар береді;
      8) банк есеп шоттарын ашады және заңнамаға сәйкес өзге мәмілелерді жасасады;
      9) сапарлар, сынақтамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың өзге түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауапкершілікте болады;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

5. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкi, оған меншік иесі берген мүлiк және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемеге бекiтiлген, мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi, өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

6. Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастырылуы және таратылуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады