"Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № а-12/620 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 8 қаңтарда № 4566 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі № а-4/152 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы әкімдігінің 20.04.2016 № а-4/152 (қол қойылған күнінен бастап күшінен енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының Үлгі ережесіне сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы З.Б.Жүсіповаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкiмi Е.Нұғыманов

  Ерейментау ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "3" 12 № а-12/620
қаулысымен бекітілді

"Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі аудандағы сәулет және қалақұрылысы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңба, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.
      5. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 136.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства Ерейментауского района".
      10. Осы Ереже "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағын қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнама нормаларына, мемлекеттік нормативтеріне және белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес Ерейментау ауданының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.
      14. Міндеттері:
      аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
      сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда қала құрылысы жобаларын және оларды бекітуге дейінгі қала құрылысы жобаларын қарауда қоғамды қатыстыра отырып жариялығын қамтамасыз ету;
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
      15.Функциялары:
      аудан аумағында қала құрылысы дамуының жобасын дайындау (аудандық жоспарлау жобаларын) ұйымдастыру;
      аудан аумағында қала құрылысы дамуының жобасын (аудандық жоспарлаудың жобасын) аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін материалдарды даярлау;
      "Мекен-жайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру;
      "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мемлекеттік қызметтердің ұйымдастыру және орындау;
      Аудандық сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
      "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу.
      16. Құқықтары мен мiндеттерi:
      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары республикалық және қала құрылысы сараптамалары жобаларының аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет ету;
      тұрғындарды аумақ құрылысының жоспарлануы немесе басқа қала құрылысының өзгерістері туралы ақпараттандыру;
      уәкілетті органға сәулет және қала құрылысы істері бойынша және жергілікті атқарушы органға сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік актілер туралы ұсыныстар енгізу;
      меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан облыс аумағында сәулет-қала құрылысы қызметінің барлық субьектілерімен орындау үшін міндетті болып табылатын аумақтардың кешенді құрылысы бойынша іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша өзінің құзыреті аясында шешімдер қабылдау;
      ауданда жаңа тұрғын үй саясатын, қала құрылысы бағдарламаларын іске асыру бөлімдерінде әлеуметтік-экономикалық дамытудың жоспарларын әзірлеу мен келісім беруге қатысу;
      аудандық аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өзінің құзыреті аясында шешімдер қабылдау;
      сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгіну.

3. Мемлекеттік мекемесінің қызметiн ұйымдастыру

      17. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын Ерейментау ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
      Мемлекеттік органның қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік мекемесінің басшысы заңнамен бекітілген тәртіпте:
      1) мемлекеттік мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет етеді;
      2) барлық ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
      3) заңдарда белгіленген жағдайларда және өз шегінде мүлікке бөлік етеді;
      4) сенімхат береді;
      5) мемлекеттік мекеменің іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін көтерудің өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      6) банктік шоттар ашады;
      7) барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      8) мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін жеке жауапкершілік атқарады;
      11) заңнамамен жүктелген, өзге де жұмыстарды жүзеге асырады.
      "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде өкілеттіктерді қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ерейментау ауданының сәулет және қалақұрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады