Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 20.04.2020 № 6С-48/5-20 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау аудандық мәслихатының "Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 3 қазандағы № 5С-19/3-13 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3854 болып тіркелген, аудандық "Ереймен" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында, аудандық "Ерейментау" газетінде 2013 жылғы 2 қарашасында жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына:
8 тармақтың он екінші абзацы жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;";
8 тармақтың он бесінші абзацының 5) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын колледждерде ақылы негізінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттеріне. Аз қамтылған отбасылардың, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын, студенттеріне;";
9 тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"6) аз қамтылған, халықтың (отбасылардың) әлеуметтік-әлсіз тобына жататын, студенттеріне колледждерде бір оқу жылының оқу шығындарын жүз пайызға өтеу, оқуды аяқтағаннан кейін Ерейментау ауданында үш жыл жұмыспен өтеу есебімен;
жоғарғы медициналық оқу мекемелерінде оқитын студенттерге оқуды аяқтағаннан кейін Ерейментау ауданында бес жыл жұмыспен өтеу есебімен. Төлем білім беру мекемесімен жасасқан келісім шарттың көшірмесі, аудан әкімі, студент және жұмыс беруші арасында жасалған келісім шарттың, оқу орнынан берілген анықтаманың және өтініш берушінің (отбасының) аз қамтылған азаматтар (отбасылар) қатарына жататынын немесе халықтың әлеуметтік-әлсіз тобына жататынын растайтын анықтама негізінде аудандық бюджет есебінен жүргізіледі.".
2. Осы шешiм Ақмола облысы Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау аудандық мәслихатының сессия төрағасы | Р.Бестаев |
Ерейментау аудандық мәслихатының хатшысы | Қ.Махметов |
КЕЛІСІЛДІ | |
Ерейментау ауданының әкімі Е.Нұғыманов |