Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 03.10.2022 № 13 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ерейментау ауданының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 01-30-230 ұсынысы негізінде, Еркіншілік ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің Еңбек ауылының аумағында ұсақ қара мал арасында бруцеллез жұқпалы ауру ошағының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап қүшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап колданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округінің әкімі |
Ж.Амангелдінов |