Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының Ерейментау ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық инспекторының 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 01-31-646 ұсынысының негізінде ШЕШТІМ:
1. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округінің Еңбек ауылы аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары ұсақ қара малдың бруцеллез ауруын жою жөніндегі кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізілуіне байланысты тоқтатылсын.
2. Ақмола облысы Ерейментау ауданы Еркіншілік ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 3 "Ерейментау ауданының Еркіншілік ауылдық округінің Еңбек ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4182 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Еркіншілік ауылдық округінің әкімі |
М.Жампеисов |