"Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № а-6/240 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 шілдеде № 4279 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 23 сәуірдегі № а-4/131 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 23.04.2016 № а-4/131 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесіне, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № А-11/556 Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына, "Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы" 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 5С-20-10 Ақмола облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімі аппаратының басшысы Есжанов Д.Б. жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Рахметов

  Есіл ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 27 маусымдағы
№ а-6/240 қаулысымен
бекітілді

"Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 12.03.2015 № а-3/111 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген Интернациональный округінің әкімінің шешімдері мен өкімдері және басқа да актілерімен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Интернациональный ауылы, Ленин көшесі, 5.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы: "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі бюджетінен (сметасынан) жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары

      13. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің миссиясы тиісті аумақтарды дамытудың мүдделерімен және қажеттіліктерімен байланысып, атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын жүргізуді қамтамасыз ету болып табылады.
      14. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметтерін сапалы және уақытылы қамтамасыз ету болып табылады.
      15. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі келесі функцияларды атқарады:
      1) Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімдіктерінің қаулыларын, облыс, аудан және ауыл әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің мінсіз орындалуын ұйымдастырады;
      2) ауылдық округ әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлейді;
      3) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын жүзеге асырады;
      4) ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерінің талдауын жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен нұсқаулар дайындайды;
      5) мемлекеттік органның жұмысына объективті талдау жасайды, ауылдық округ әкімнің қатысумен шешімді қажет ететін маңызды мәселелерді анықтайды;
      6) заң және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелеріне, мемлекеттік және еңбек тәртібін, қоғамдық тәртіпті бекітуге көмектеседі;
      7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің есебін және қаралуын қамтамасыз етеді, азаматтардың жеке қабылдау жүргізуін ұйымдастырады;
      8) мемлекеттік және орыс тілдерін дұрыс қолдануға бағытталған шараларды, іс жүргізу ережелерінің сақталуын, мемлекеттік орган жұмысының тәсілдері мен әдістерін жақсартуды жүзеге асырады;
      9) мемлекеттік сатып алулардың ұйымдастырылуы мен жүргізілуі процедураларын жүзеге асырады;
      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтердің көрсетілу процесін автоматтандыруды қамтамасыз етеді;
      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      16. Өз міндеттерін жүзеге асыру үшін "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) өзінің құзыреттілігінің аясында мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар, құжаттар және өзге де материалдарды сұрау және алу және оларға орындауға тапсырыс беру;
      2) Президенттің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және басқа орталық атқару органдарының, облыс, аудан әкімі және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және мерзімінде орындау;
      3) мемлекеттік көлік құралдарын, байланыс және қатынас жүйелерін қолдану;
      4) жұмысқа құқық қорғау, қаржы, салық және де басқа мемлекеттік органдар өкілдерінің, сол сияқты шарт негізінде істейтін мамандарын, тарту;
      5) мемлекеттік билік органдарының қызмет құрылымын жетілдіру жөнінде аудан әкіміне ұсыныс жасау;
      6) басқарма, бөлімдердің отырыстарында, кәсіпорын және ұйым жиналыстарында, жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу;
      7) әкім аппаратымен жүргізілуіне қатысты мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу.
      8) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының, еңбек шартының, олармен шығарылған актілердің талаптарын сақтау.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне басшылық ету ауылдық округі әкімімен жүзеге асырылады, ол ауыл әкімі аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметтерін жүзеге асыруға дербес жауапкершілік көтереді.
      18. Ауылдық округ әкімі Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен қызметке тағайындалады және лауазымынан босатылады немесе сайланады және босатылады.
      19. Ауылдық округ әкімінің өкілеттігі:
      1) ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастырады және басқарады және оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы тұру бойынша шаралардың қабылдануына жеке жауапты;
      2) ауылдық округ әкімі аппаратының келешек және ағымдағы жоспарларын бекітеді;
      3) ауылдық округ әкімі аппаратын мемлекеттік органдар және басқа ұйымдар алдына қояды;
      4) мемлекеттік орган мамандарының функциялары мен өкілеттіктерін анықтайды;
      5) ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады;
      6) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
      Ауылдық округ әкімінің өкілеттіктерін орындауды ол болмаған кезеңдерде қолданыстағы заңнамаларға сәйкес оның міндетін атқарушы тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайда қаурыт басқару құқығында мүлкі болуы мүмкін.
      "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
      21. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада өзгеше көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Ақмола облысы Есіл ауданы Интернациональный ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады