Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-15/2 "Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 наурыздағы № 5С-32/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 сәуірде № 4107 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С-37/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың аудандық мәслихатының «Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-15/2 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 3661 болып тiркелген, 2013 жылдың 1 наурызында «Целинное знамя» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің қосымшасында:
      1, 3, 4, 9, 10, 15, 16, 17, 18, 19, 20 реттік номері жолдарындағы «Бірсуат ауылдық округінің», «Гастелло ауылдық округінің», «Далабай ауылдық округінің», «Құмсуат ауылдық округінің», «Львовский ауылдық округінің», «Пригородный ауылдық округінің», «Пятигорский ауылдық округінің», «Тасөткел ауылдық округінің», «Тассуат ауылдық округінің», «Үшқарасу ауылдық округінің», «Шойындыкөл ауылдық округінің» деген сөздер тиісінше алынып тасталсын;
      орыс тілдегі 7 реттік номері жолына өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Н.Рахимов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   А.Үйсімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады