Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 5С-15/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 22 ақпанда № 3661 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 5С-37/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 27.10.2014 № 5С-37/6 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына, «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Д.Меджидов

      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы                                    Ұ.Ахметова

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Жарқайың ауданының әкімі                   Т.Хамитов

Жарқайың аудандық  
мәслихатының 2013 жылғы
15 қаңтардағы № 5С-15/2
шешіміне қосымша   

Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

      Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 17.03.2014 № 5С-32/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Елді мекен атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

1.

Бірсуат селосы

Әкімшілік ғимараты алдындағы алаң, Фурманов көшесі, 11

2.

Уәлихан ауылдық округінің Уәлихан селосы

Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Мир көшесі, 13 А

3.

Гастелло селосы

Клуб ғимараты алдындағы алаң, Юность көшесі, 7

4.

Далабай ауылы

Ауыл орталығындағы алаң, Ленин көшесі, 27

5.

Жаңадала ауылдық округінің Тасты-Талды селосы

Село орталығындағы алаң, Ленин көшесі, 1

6.

Жаңадала ауылдық округінің Зерноград селосы

Село орталығындағы алаң, Целинный көшесі, 15

7.

Костычево ауылдық округінің Костычев селосы

Село орталығындағы алаң, Мир көшесі, 5

8.

Костычево ауылдық округінің Донской селосы

Село орталығындағы алаң, Рубцов көшесі, 3

9.

Құмсуат селосы

Село орталығындағы алаң, Целинная көшесі, 33

10.

Львовское селосы

Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Клубная көшесі, 7

11.

Нахимов ауылдық округінің Нахимовка селосы

Ауылдық округ әкімдігі ғимараты алдындағы алаң, Ленин көшесі, 11

12.

Нахимов ауылдық округінің Баранкөл селосы

Әкімшілік ғимараты алдындағы алаң, Набережная көшесі, 47

13.

Отрадный ауылдық округінің Отрадный селосы

Село орталығындағы алаң, Жастар көшесі, 2 А

14.

Отрадный ауылдық округінің Кен селосы

Село орталығындағы алаң, Жастар көшесі, 5

15.

Пригородный селосы

Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Рабочих қалтарысы, 16

16.

Пятигорский селосы

Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Целинная көшесі, 33

17.

Тасөткел селосы

Әкімшілік ғимараты алдындағы алаң, Абай қалтарысы, 2

18.

Тассуат селосы

Село орталығындағы алаң, Советская көшесі, 8

19.

Үшқарасу селосы

Әкімшілік ғимараты алдындағы алаң, Мир көшесі, 41

20.

Шойындыкөл селосы

Село орталығындағы алаң, Почтовая көшесі, 6

21.

Державин қаласы

Ленин, 34 көшесіндегі орталық алаң

22.

Державин қаласы

Аудандық мәдениет үйінің алдындағы кіші алаң, Захаров көшесі, 37

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады