РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабындағы 4 тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес, Жарқайың ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № А-2/32 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4023 тіркелген, 2014 жылғы 7 наурызда "Жарқайың тынысы", "Целинное знамя" газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
қаулының қосымшасы жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес баяндалсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Қ.Әлжановқа жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жарқайың ауданының әкімі | А.Үйсімбаев |
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-7/266 қаулысына Қосымша |
|
Жарқайың ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 ақпандағы № А-2/32 қаулысымен бекітілді |