Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 5С-39/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 4601 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 6С-3/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Жарқайың ауданының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Д.Меджидов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 5С-39/3
шешіміне қосымша

Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекен атауы

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

1.
Бірсуат ауылы
Алаң, Фурманов көшесі, 11
2.
Уәлихан ауылдық округінің Уәлихан ауылы
Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Мир көшесі, 13 А
3.
Гастелло ауылы
Клуб ғимараты алдындағы алаң, Юность көшесі, 7
4.
Далабай ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Ленин көшесі, 27
5.
Жаңадала ауылдық округінің Тасты-Талды ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Ленин көшесі, 1
6.
Жаңадала ауылдық округінің Зерноград ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Целинный көшесі, 15
7.
Костычево ауылдық округінің Костычев ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Мир көшесі, 5
8.
Костычево ауылдық округінің Донской ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Рубцов көшесі, 3
9.
Құмсуат ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Целинная көшесі, 33
10.
Львов ауылы
Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Клубная көшесі, 7
11.
Нахимов ауылдық округінің Нахимов ауылы
Алаң, Ленин көшесі, 11
12.
Нахимов ауылдық округінің Баранкөл ауылы
Алаң, Набережная көшесі, 47
13.
Отрадный ауылдық округінің Отрадный ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Жастар көшесі, 2А
14.
Отрадный ауылдық округінің Кен ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Жастар көшесі, 5
15.
Пригород ауылы
Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Рабочих қалтарысы, 16
16.
Пятигор ауылы
Мәдениет үйі ғимараты алдындағы алаң, Целинная көшесі, 33
17.
Тасөткел ауылы
Алаң, Абай қалтарысы, 2
18.
Тассуат ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Советская көшесі, 8
19.
Үшқарасу ауылы
Алаң, Мир көшесі, 41
20.
Шойындыкөл ауылы
Ауыл орталығындағы алаң, Почтовая көшесі, 6
21.
Державин қаласы
Ленин, 34 көшесіндегі орталық алаң
22.
Державин қаласы
Аудандық мәдениет үйінің алдындағы кіші алаң, Захаров көшесі, 37

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады