Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 6С-3/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 2 маусымда № 5406 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 шілдедегі № 6С-56/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 23.07.2020 № 6С-56/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Жарқайың аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. "Жарқайың ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Жарқайың аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 5С-39/3 (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4601 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қаңтарында "Жарқайың тынысы" және "Целинное знамя" аудандық газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Ж.Мыңбаев
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Ұ.Ахметова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Жарқайың ауданының әкімі А.Үйсімбаев

      25.04.2016

  Жарқайың аудандық мәслихатының
2016 жылғы 25 сәуірдегі
№ 6С-3/6 шешіміне
қосымша

Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      1. Жарқайың ауданында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңына сәйкес әзірленген.
      2. Жарқайың ауданында жиналыстар және митингілер өткізу орындары анықталсын:
      1) Державин қаласы, орталық алаң, Ленин көшесі, 34;
      2) Державин қаласы, аудандық мәдениет үйінің алдындағы кіші алаң, Захаров көшесі, 37.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.08.2016 № 6С-4/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      3. Жарқайың ауданында шерулер және демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар анықталсын:
      1) Державин қаласы, Вокзал және Ленин көшелері қиылысынан Ленин көшесі бойымен орталық алаңға дейін;
      2) Державин қаласы, Майкөтов және Захаров көшелері қиылысынан Захаров көшесі бойымен кіші алаңға дейін.
      4. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарында мыналарға жол берілмейді:
      1) транспаранттар, ұрандар, өзге де материалдарды (көзбен шолу, аудио/бейне) пайдалануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің атына тіл тигізуге шақырып көпшілік алдында сөйлеуге;
      2) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткі заттар, психотропты заттар немесе оларға ұқсас заттар пайдалануға.
      5. Қоғамдық тәртіпті және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында:
      1) әртүрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасулары қажет;
      2) бір уақытта және бір күнде, бір нысанда кем дегенде үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге рұқсат беріледі.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді – Ақмола облысы Жарқайың аудандық мәслихатының 22.08.2016 № 6С-4/6 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Пикетке шығу кезінде:
      1) пикетке шығу нысанының алдында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын қолдануға;
      3) пикет тақырыбы бойынша қысқаша ұрандар, слогандар қышқыруға рұқсат беріледі.
      7. Митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізуден Жарқайың ауданы әкімдігінің бас тартуын алғанда немесе оған тыйым салу туралы шешім болған жағдайда уәкілдері (ұйымдастырушылары) тез арада барлық дайындық шараларын болдырмауға және барлық ынталы қатысушыларға осы туралы тиісті хабар беруге шара қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады