РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 2) тармақшасына, 238 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 7 ақпандағы № 5С-26-5 "Ауылдық жерде жұмыс атқаратын азаматтық қызметшілер болып табылатын әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салалары мамандарының лауазымдық тізбесін келісу туралы" шешімінің негізінде, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № а-2/82 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4095 тіркелген, "Жақсы жаршысы" газетінде 2014 жылдың 21 сәуірінде жарияланған), "Жақсы ауданының әкімі Қ.Сүйіндіков" сөздерінен кейін "КЕЛІСІЛДІ" "Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы Б.Жанәділов" сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |
"КЕЛІСІЛДІ" | |
Жақсы аудандық | |
мәслихатының хатшысы | Б.Жанәділов |