Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 379 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 маусымда № 4248 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № А-3/165 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № А-3/165 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Зеренді ауданының әкімі М.Тәткеев

  Зеренді ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 20 маусымдағы № 379
қаулысымен бекітілген

Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңды тұлғаның орналасқан жері: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Мир көшесі, 52.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы ереже Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласында мемлекеттің саясатын жүзеге асырады.
      14. Міндеттері:
      1) Мемлекеттік қолдау шараларын қолдану арқылы өсімдік шаруашылығының өнімділігі мен өнімнің сапасын арттыру және азық-түліктік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
      2) мал шаруашылығының өнімділігін және өнімнің сапасын арттыру.
      15. Функциялары:
      1) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағдарламалар аясында мемлекеттік сатып алуды өткізудің ұйымдастырылуын жүзеге асыру;
      2) аграрлық сектордың даму тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру, үрдіні талдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу жөніндегі орта мерзімді жоспарларды әзірлеуге байланысты перспективалық болжау және айқындау;
      3) сатып алу және азық-түлік интервенциясын өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) аймақтағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды үйлестіру;
      5) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу технологияларын дамыту, жанар-жағар май материалдарымен, тұқымдармен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мәселелеріне байланысты республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік қолдау бағдарламаларын жүзеге асыруға жәрдемдесу;
      6) ауыл шаруашылығы мен өңделген өнімдер нарығының мониторингін жүргізу, азық-түлік нарығындағы ішкі және сыртқы жағдайларды зерделеу, оны ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жеткізу, көрмелерді, жәрмеңкелерді, шығарылатын өнімнің сапасы мен ассортименті жөнінде семинарлар өткізу түрінде аймақтық іс-шараларды өткізуге жәрдемдесу;
      7) тұқым шаруашылығының барлық бөлімдерінің өзара байланысын жүзеге асыру;
      8) өсімдік және мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде, өсімдікті қорғау мен өсімдік карантинінде прогрессивтік технологиялар мен алдыңғы қатарлы тәжірибелерді енгізуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыру;
      9) ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу салаларын қолдау бойынша ұсыныстарды және оларды жүзеге асыру ережелерін дайындауда көмек көрсету;
      10) ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу саласында алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату, бәсекеге қабілетті өндірістерді құруда және дамытуда, олардың жаңғыруы мен сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшуде консультациялық көмек көрсету.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) ауданның даму стратегиясының орындалуын қадағалау;
      2) жергілікті атқарушы органдарымен қабылдаған, ауданның даму стратегиясын жүзеге асыруға кедергі келтіретін актілерді тоқтатуға немесе өзгертуге ұсыныс жасау;
      3) белгіленген тәртіппен, мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттарды сұрау және алу;
      4) белгіленген тәртіппен, мемлекеттік мекеменің құзіретіне жататын мәселелер бойынша кеңес өткізу.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелеген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеме басшысының өкілеттігі:
      1) мемлекеттік мекеменің лауазымдық тұлғаларының функционалдық міндеттері мен өкілеттіліктерін бекітеді;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлеріне марапаттау шараларын және тәртіптік жазаларды қолданады;
      4) мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда ұсынады;
      5) шарттар құрады;
      6) сенімхаттар береді;
      7) қазынашылық органдарда шоттарды ашады;
      8) мекемемен қабылданатын шешімдер бұйрық түрінде рәсімделеді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға жүктелген міндеттерге бөлім бастығы жеке өзі жауап береді.
      Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін, қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларды жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Зеренді ауданының "Ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады