РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес, Зеренді ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Зеренді ауданының әкімі | Қ.Әлібеков |
Зеренді ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 676 қаулысымен бекітілді |
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес уәкілетті болса, мемлекеттің атынан мемлекеттік-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілер мен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Мемлекеттік органның құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 021200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Мира көшесі, 58.
9. Мемлекеттік органның мемлекеттік тілдегі толық атауы - Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі толық атауы - государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостройтельства" Зерендинского района.
10. Осы Ереже Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мемлекеттік органның қызметін қаржыландыру аудандық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілермен Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: аудан аумағының қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнама нормаларына, мемлекеттік нормативтеріне және белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес Зеренді ауданының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.14. Міндеттері:
1) Аудан аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
2) Ауданның елді мекендерінің құрылыстық, көліктік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын кешенді қалыптастыру міндеттерін шешуге бағытталған өкілеттіктерді экология мен қоршаған ортаны қорғау талаптарына сәйкес жүзеге асыру, сәулеттік, тарихи-мәдени мұра және табиғи кешенді сақтау.
15.Функциялары:
1) аудан аумағында қала құрылысының даму схемасын, сондай-ақ кенттер мен ауылдық елді мекендерінің бас жоспарларының жобаларын жасауды ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;
2) белгіленген тәртіп бойынша қала құрылыстық, сәулет-құрылыстық және басқа да жобалық (жобалық-сметалық) құжаттардың материалдарын келісіп бекітуге дайындау;
3) Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеген тәртібі бойынша салынып жатқан (салынайын деп жатқан) объектілер мен кешендердін мониторингісін жүргізу;
4) Құрылыс, аумақтың инженерлік дайындығы, аудандық маңызы бар объектілерді қайта кәдеге жарату жөніндегі кешенді жұмыстарды жүргізу туралы аудан әкімдігінің қаулы жобаларын құрастыру;
5) Жоғары тұрған ұйымдарға мемлекеттік мекеме өз құзырындағы мәселелер бойынша есептер мен ақпараттарды ұсыну;
6) Мемлекеттік қала құрылыстық кадастр мәліметтер базасына енгізу үшін ақпарат және (немесе) мәліметтерді белгіленген тәртіпте ұсыну;
7) "Мекенжайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін енгізу және толтыру бойынша мониторинг;
8) Тіреуіш және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелерді және жабдықтарды өзгертумен байланысты емес әрекеттегі ғимараттар бөлмелерін (жеке бөліктерін) қайта жаңартуға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) рұқсат беру;
9) Сәулеттік–жоспарлау тапсырмаларын беру;
10) Елді мекендерде сыртқы (көзкөрімдік) жарнаманы орналастыруға рұқсат беру;
11) Аудан аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау бойынша анықтама беру;
12) Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
13) Қазақстан Республикасының заңнамасына жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары және жобалардың мемлекеттік сараптамасы облыстық және аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет ету;
2) сәулет және қала құрылысы саласында міндеттерді жүзеге асыру бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеу мен келісуге қатысу;
3) сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгіну;
4) Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылған Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
17. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы" мемлекеттік мекемесі басшылықты Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.18. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатылады.
19. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шегінде барлық ұйымдарда Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
сенімхаттар береді;
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің тәртіптермен жоспарларын бекітеді;
банкте шоттар ашады;
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне арналған міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшін дербес жауап береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мемлекетпен тапсырылған мүлік есебінен қалыптасады, және Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің балансында бағасы көрсетілетін негізгі қорлардан және айналым құралдарынан және де басқа да мүліктерден құрылады.21. Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Зеренді ауданының "Сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.