Қорғалжын ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 11 маусымдағы № 114 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 1 шілдеде № 4251 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 61/1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 19.04.2016 № 61/1 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын ауданында қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Рыскелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады