Қорғалжын ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы № 122 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 шілдеде № 4280 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Қорғалжын ауданы әкімдігінің 28.01.2016 № 18.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабының 1) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қорғалжын ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ.Рыскелдінов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады