Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 қарашадағы № 28/2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4534 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 25 тамыздағы № 13/2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.08.2017 № 13/2 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу тәртібі айқындалсын:

      1) үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедек балалардан басқа) мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-анасының біреуіне және басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;

      2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;

      3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектер қатарындағы кемтар баланың 18 жасқа толуы, қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.

      2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр балаға ай сайын үш айлық есептік көрсеткіш мөлшері айқындалсын.

      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
М.Қасымова
      Аудандық
мәслихатының хатшысы
С.Клюшников

      КЕЛІСІЛДІ

      Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады