Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 ақпанда № 4622 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 тамыздағы № 6/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 25.08.2016 № 6/4 (қол қойылғаннан кейін қолданысқа және күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Сандықтау ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы      М.Қасымова
      Аудандық мәслихатының хатшысы      С.Клюшников
      Келісілді
      Сандықтау ауданының әкімі      Е.Сағдиев

  Сандықтау аудандық мәслихатының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 29/6
шешімінің жобасына қосымша

Сандықтау ауданының елді мекендерінде бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары

№ р/с

Ауылдық округ атауы

Ауылдың атауы

Өткізу орны

1
Балкашин ауылдық округі
Балкашино
Орталық алаң, Абылай хан көшесі, 119
2
Хуторок
Мәдениет үйінің ғимаратына жабысып тұратын аумақ, Ыбрай Алтынсарин көшесі, 1
3
Петровка
Бұрынғы мәдениет үйінің ғимаратына жабысып тұратын аумақ
4
Барақпай ауылдық округі
Барақпай
Барақпай ауылы бұрынғы ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң
5
Чашке
Чашке ауылы бұрынғы ауылдық клуб ғимаратының алдындағы орталық алаң
6
Белгород ауылдық округі
Белгородское
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Целинная көшесі, 21
7
Преображенка
"Подлесное" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік кеңсесінің ғимаратына жабысып тұратын алаң, Центральная көшесі, 16
8
Раздолье
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Клубная көшесі, 7
9
Бірлік ауылдық округі
Красная Поляна
Ауылдың орталық алаңы, Труд көшесі, 1
10
Петриковка
Ауылдың орталық алаңы, Дружба көшесі, 25
11
Арбузинка
Ауылдың орталық алаңы, Абуев көшесі, 15
12
Васильев ауылдық округі
Васильевка
Ауылдың орталық алаңы, Пушкин көшесі, 14
13
Ұлан
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратына жабысып тұратын аумақ, Кенесары көшесі, 9
14
Тучное
Тучное ауыл, орталық алаң, Целинная көшесі, 4
15
Веселов ауылдық округі
Веселое
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Заозерная көшесі, 8
16
Новоселовка
"Вероника" дүкені ғимаратының алдындағы орталық алаң, Набережная көшесі, 15
17
Жыланды
"Райхан" дүкені ғимаратының алдындағы орталық алаң, Орталық көшесі, 13
18
Жамбыл ауылдық округі
Приозерное
Приозерное ауыл орталық алаң, Центральная көшесі, 2
19
Қызыл-Қазақстан
Ауылдық клуб ғимаратына жабысып тұратын аумақ
20
Каменск ауылдық округі
Каменка
Каменка ауылының Куйбышев көшесі бойынша орталық алаңы
21
Богословка
Ауылдың орталық алаңы
22
Лесной сельский округ
Лесное
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Центральная көшесі, 1
23
Михайловка
"Сказка" дүкені ғимаратының алдындағы орталық алаң, Нижняя көшесі, 16
24
Граниковка
Ауыл алаңы, Центральная көшесі, 9
25
Речное
Ауыл алаңы, Центральная көшесі, 9
26
Бастрымовка
Ауылдың орталық алаңы, Мир көшесі
27
Мәдениет ауылы
Мәдениет
"Мәдениет" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік асханасының жанындағы алаң, Ленин көшесі, 44
28
Максимов ауылдық округі
Максимовка
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ленин көшесі, 33
29
Владимировка
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Ленин көшесі, 31
33
Новый-Городок
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Мир көшесі, 16
31
Спасское
Ауылдық мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң, Подгорная көшесі, 15
32
Новоникольск ауылдық округі
Новоникольское
Орталық алаң
33
Меньшиковка
Ауылдық клуб ғимаратының алдындағы аумақ
34
Мысок
"Маралдинское орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі ғимаратының алдындағы аумақ
35
Смольное
"Маралдинское орман шаруашылығы" орман шаруашылығы коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесі ғимаратының алдындағы аумақ
36
Құмдыкөл
Бұрынғы ауылдық клуб ғимаратына жабысып тұратын аумақ
37
Сандықтау ауылдық округі
Сандықтау
Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң
38
Новоромановка
Мәдениет үйі ғимаратының алдындағы орталық алаң
39
Широков ауылдық округі
Богородка
"Широкое" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дүкені ғимаратының алдындағы орталық алаң
40
Дорогинка
"Широкое" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дүкені ғимаратының алдындағы орталық алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады