Сандықтау ауданының Веселов ауылдық округінің Веселое ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Сандықтау ауданы Веселов ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 маусымда № 4229 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабының 7)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Сандықтау аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторының міндетін атқарушының 2014 жылғы 03 маусымдағы № 417 ұсынысы негізінде Веселов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. «Бруцеллез» ауруының анықталуына байланысты Сандықтау ауданының Веселов ауылдық округінің Веселое ауылы аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Веселов ауылдық округінің әкімі            Т.Іскендіров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады