Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 01.02.2016 № а-2/43 (қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Бурабай ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілесін.
2. «Щучье ауданында мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы № а-1/26 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-145 тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 14, аудандық «Бурабай» газетінің 2009 жылғы 19 ақпандағы № 8 жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Б.Нұрпановаға жүктелсiн.
4. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н.Нұркенов