Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 20.06.2014 № а-7/401 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2 тармақшасына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 28 бабының сәйкес, мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталауда бірыңғай жағдай белгілеу мақсатында аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Щучье ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілесін.
2. «Щучье ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № а7/489 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің аймақтық тізілімінде № 1-19-109 нөмірімен тіркелген, аудандық «Луч» газетінің 2007 жылғы 9 тамыздағы 63 нөмірінде, аудандық «Бурабай» газетінің 2007 жылғы 9 тамыздағы 35 нөмірінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Қ.Алтаеваға жүктелсiн.
4. Осы қаулы Щучье ауданының Әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Щучье
ауданының әкiмi В.Балахонцев
КЕЛІСІЛДІ:
«Щучье ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі»
ММ-нің бастығы М.Б.Нұрпанова